ПРАКТИКАДА НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП /
ОТЧЕТ ПО ИТОГАМ ПРАКТИКИ
2023 оқу жылында ұйымдастырылған педагогикалық практика бойынша 5
қыркүйек пен 13 қазан аралығында «Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы атындағы №19 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-ге практикант
педагог-психолог ретінде бекітілдім. Тәжірбие өтудің алғашқы күнінде практика
мазмұны мен міндетімен және мектептегі, педагогикалық процестің
ерекшелігімен,сонымен
қатар
білім
беру
мекемесінің
қызмет
бағыттарымен,ережесімен, әкімшілігімен және мектеп психологтары Шегір С.Ж,
Гүлмира Оралқызымен таныстым. Практиканың алғашқы аптасында мектеп
психологының қызмет ерекшеліктерімен және мектептегі психологиялық
қызметтің мақсат, міндеттерімен, білім беру мекемесінің психологы жүргізетін
құжаттарын зерттеп,меңгердім. 10.10.23 күні 10«Б» сынып оқушыларымен
«Стреске
қарсы»
бағытталған,
өзімнің
алғашқы
тренингімді
өткіздім.Оқушылардың барлығы ойын-жаттығуларға қызығушылықпен қатысты,
оқушылармен тез тіл табыстым. Тренинг өткізілгеннен кейін, келесі күні оның
анықтамасы мен хаттамасын жазуды үйрендім.Бізге бекітілген мектеп психологы
Шегір С.Ж. атқарылатын жұмыстардың барлығын практика жүзінде орындалу
тәртібін толықтай түсіндіріп өтті.Жалпы практика барысында мектеп
оқушыларымен барлығы 6 тренинг-жаттығуларын және жылдық жоспарға сәйкес
диагностикалық әдістеме жүргіздім.Оның ішінде жоғарыда аталғаннан бөлек
8«А», 8«Ә», 8«Б» сыныптарымен топтағы қарым-қатынасты нығайту және
тұлғааралық
қатынастардағы
кедергілерді
жою
мақсатында
тренинг
жүргізілді.Практика кезінде,балалармен жұмыс жасаған кезде жаңашылдыққа
үйрендім.Әр сыныпқа олардың қызығушылығын оятатындай,жалықтырып
алмайтындай
әр-түрлі
ресурстар
мен
жаңаша
әдіс-тәсілдер
дайындадым.Сонымен қатар психологтардың оқушылармен әңгімелесу немесе
психологиялық консультация жүргізулерін бақылап, топпен талдадық.
Тәжірбие өтудің 3 аптасында психологтың жетекшілігімен 7 сынып
оқушыларына «Әлемде жоқ жануар» проективті методикасын қолданып,
психодиагностикалық
зерттеу
жүргіздім,алынған
мәліметтерді
талдап,мақсаттары мен міндеттерін, зерттелушінің жас ерекшеліктерін,
сондай-ақ психологтың кәсіби ұстанымын ескере отырып зерттедім және
талқыладым.Дәл осындай зерттеу жұмыстары 8 сынып оқушыларымен де
өткізілді және Г.Айзенктің “Психикалық күйдің өзіндік бағасы” әдістемесін
жүргізіп, нәтижелерін талдап,қорытынды шығардым.
Практиканың 4-5 аптасында жоғарғы сыныптарға жасөспірімдер арасында
кездесетін зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында жүргізілетін
психопрофилактикалық жұмытар жүргізілді.
Практиканың соңғы аптасында 11 сынып оқушыларымен мамандық таңдауға
бағытталған
арнайы
жұмыстар
өткіздім.Сонымен
қатар,жүргізілген
психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарын,мектепте жүргізілген
психологиялық ағартушылық, диагностикалық, кеңес беру, т.б жұмыстарын
жүргіздім, жұмыс жоспарына сәйкес сипаттамалық және аналитикалық
материалдарды дайындадым.
Қорыта айтқанда,педагогикалық практика мен үшін қызықты өтті және мектеп
психологтары
Шегір
Саягүл
Жұмадилқызынан
көп
нәрсе
үйрендім.Педагогикалық тұрғыдан өзімнің қандай кемшіліктерімнің бар екенін
біліп, сол кемшіліктерді түзетуге нұсқау алдым.Практика барысында алған
білімдерім келешекте маған үлкен тәжірбие болатынына сенемін.
Практикант
Оразалина Ақмарал Бауыржанқызы
(ТАӘ/ФИО)
ЖОО практика жетекшісі
(ТАӘ/ФИО)
Руководитель практики от
вуза
Ұйым практика жетекшісі
(ТАӘ/ФИО)
Руководитель практики от
организации образования
|