1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әдебиеттер: [6]; [18]; [20]; [13]



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата15.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#123455
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
мат сауаттылық силлабус

Әдебиеттер:
[6]; [18]; [20]; [13]. 
 
Тақырып 6. Есептің семантикалық талдауы 
 
Тапсырма: 
1.
Электронды сағат уақыты 00:00 ден 23:59-ға дейін сағатпен 
және минутпен көрсетіп тұр. Бір тәулікте таблода 2; 0; 1; 9 
цифрларын әр түрлі ретпен неше рет көруге болады? 
2.
Егер екі труба бірге жұмыс істесе, бассейінді 2 сағатта суға 
толтырады. Егер әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істесе, 1-ші труба 
бассейінді екіншіге қарағанда 3 сағат тез толтырады. 1-ші труба 
жеке жұмыс істесе, бассейінді қанша сағатта толтырады? 
3.
Заңдылықты анықтап, келесі санды табыңыз: 1,2,6,24,120 ... 
4.
Бір ауданға жаңадан 100 үй тұрғызылды. Бұл үйлерді
нөмірлеуге арналған кестелерді жасау барысында 7 цифры неше 
рет қолданылды? 
5.
Анасы Айдын, Жанерке және Сәкенге сатып әкелген алмұртты 
тең бөліп алуды ұсынды. Айдын үйге бірінші болып келді де, 
алмұрттың үштен бірін алып үйірмеге кетіп қалды. Ал Жанерке 
бірінші келдім деп ойлап, қалған алмұрттың үштен бір бөлігін 


52 
алып кетсе, Сәкен келіп, қалған алмұрттың үштен бірін жеді. 
Соңында сөмкеде 8 алмұрт қалды. Анасы балаларына қанша 
алмұрт алған? 
6.
Футбол жарысында 17 команда қатысқан. Әр команда 
қалғандарымен екі рет ойнауы керек: өз алаңында және 
қарсыласының алаңында. Турнирде қанша матч жүргізіледі? 
7.
Бактерия әр секундта 2-ге бөлінеді. Егер 1 бактерияны 
пробиркаға салса, 6 секундтан кейін олардың саны қанша 
болады? 
8.
Алдар көсе әр түрлі ауылда ақсақалдар жиналысына 
қатысатын. Бір күні Алдар көсе бір жиналысқа барады. Барлық
ақсақалдар бір-бірімен қол алысып сәлемдеседі. Білдірмей ол 66 
қол алысуды санайды. Жиналыста барлығы неше ақсақал бар? 
9.
5143; 5173; 5373; 4163; 4373 сандарындағы цифрлар белгілі 
бір әріптермен белгіленген. 5143 сандық белгінің сөзін табыңыз. 
10.
50-ден 401- ге дейінгі натурал сандар арасында натурал 
санның толық квадраты бола алатын қанша сан бар екенін 
анықтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет