68
Жазушы Шайтантауды сипаттау арқылы оқырмандарын алда болар
оқиғаға ынтықтырып қояды: «Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал,
малшылар да қонып көрген емес. Етегі қып-қызыл қорым тас. Ал оның шырқау
шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды. Жұрттың
айтуынша тек қана байларды конфискациялау тұсында қашқан-пысқан ұры-
қарылар тығылып жүретін үлкен-үлкен үңгірлер бар дейді тау басында. Елді
мекеннен әрі қашық, әрі кісі қызығарлық дәнеңесі жоқ болғанымен, бұл
таудың ғажап құпия сыры ел аузында талай аңыздар тудырған. Шайтантау
деген ат бұған тегін берілмепті. Мал қарап шыққан талай жылқышылар бұл
таудың басынан, етегінен жарқылдаған оттар көрген. Екінші бір ғажабы, тау
оншалықты биік болмаса да, бауырына бұлттар шөгіп жатады екен». Осылайша
деміңді ішіңе тартып, бір ғажайып оқиғаға дайындаласың.
Соңғы «Үңгірдегі сыр» деп аталатын бөлімде балалар сауалдарында ғылыми
түрде нақты жауап алады. Мұнда жұмыс істеп жатқан ғалымдардың бірі Се ра лы
Әй тиев жұмбақтың сырын ашады. «Сендердің тауда көргендерің, әрине, көшпелі
алтын емес. Оның сырын осы тауға келгеннен кейін-ақ түсінген боларсыңдар, –
деді Әйтиев. – Ол – кәдімгі найзағайдың бір түрі. Оны орысша «шаровая молния»
дейді. Біз мына өзіміз отырған биіктаулық лабораторияда жұмбақ сыры көпке
дейін белгісіз болып келген осы көшпелі найзағайдың сырын ашу жолындамыз.
Алдымен лаборатория ішінде, кейінірек кәдімгі табиғи түрде жасауды игердік.
Соның өзінде осындай найзағайдың бірнешелеген түрі бар екен.
Электр туралы, оның оң және сол зарядтарының бар екендігін және олардың
бірін-бірі тарту, тебу қасиеттері жөнінде өздерің білесіңдер. Найзағай табиғаты
атмосфералық электрде жатыр. Өзіміз күнде аяғымызбен басып жүрген
жер мен оны қоршаған атмосферада электрдің адам игілігіне жаратылмаған
орасан зор қазынасы бар. Мұның өзінде жердің үстіңгі қабатының көпшілік
бөлігі сол зарядпен зарядталған. Өздеріңе мәлім, найзағай қарама-қарсы
зарядтардың арасында ғана болады. Ол үшін жерден биік оң зарядталған дене
болуы қажет қой. Оның рөлін кәдімгі жауын бұлты атқарады. Ауа үйкелісінің
әсерінен бойына оң заряд жинаған бұлт онысы шекті мөлшерден асып кетсе,
жердегі қарама-қарсы заряды бар бір затқа (қарсы зарядтардың бірін-бірі
тарту заңдылығы бойынша) өз бойындағы жиған-тергенін таратып береді
екен. Ал ауа өзі тұрған жағдайында электр тогын өткізбейді емес пе? Міне, осы
кезде атыс басталады. Бұлт өзінің зарядын шоқтап, алыстан ұшқын атқызып
жеткізеді. Мұны бұлттың разрядталуы дейді. Разрядталу кезінде найзағайдың
оты көрінеді. Шар найзағай міне, осы разрядталу кезінде электр ленген ауада
кейбір жағдайларда ғана пайда болады».
Дегенмен Әйтиев тауда алтынның болу мүмкіндігін жоққа шығармайды:
«Бірақ аңызда негіз бар. Мәселен, бізден бұрын да басында найзағай ойнап
келген Шайтантау, осы бір жақпар тастар темір рудалы кварциттен тұрады
екен. Ал алтын кварцитті кендерде болады ғой. Біз зерттеп қарап едік, таудың
астынан көп алтын таптық. Бұл алтынды бізге нұсқаған – найзағай. Сонымен
бірге аңыздағы жігіттің де алтын табуы мүмкін. Бәлкім ол ішкі магмадан теуіп
үстіңгі қабатқа дейін ағып келген магнетитті өзекшеге тап болған шығар. Кейде
ондай өзектерде де алтын кездеседі. Магнит өрісінің әсерінен көшпелі найзағай
мүмкін сол жерде разрядталған шығар. Жігіт қазып жіберіп, бұрыннан жатқан
алтынға тап болған ғой...».
Достарыңызбен бөлісу: