Потенциометрлік анализ


Органикалық қосылыстардың талдауы



Pdf көрінісі
бет33/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Органикалық қосылыстардың талдауы 
 
Вольтамперометрлік талдаудың объектісі тек бейорганика- 
лық заттар мен иондар ғана емес, сонымен қатар электр- 
охимиялық өзгерістерге қабілетті көптеген органикалық заттар 
да болып табылады. Органикалық заттың электродтық реак- 
циясында әдетте, сутек ионы қатысады:
R – nH

+ne

= RH
n
.
Осыған байланысты талдауды жеткілікті жоғары буферлі 
сыйымдылығы бар буферлі ерітінділерде өткізіледі. 
Вольтамперлік активті топтарға, мысалы, >СНО, >С = N,
–NO
2
, –O–O және т.б. көптеген топтарды жатқызуға болады. 
Вольтамперометрлік талдау шартында көптеген альдегидтер, 
кетондар, азо- және нитроқосылыстар, органикалық пероксидтер 
анықталып, жеңіл тотықсызданады. Органикалық қышқылдар 
(малеин, фумар) және эфирлер платина электродында тотығады. 
Комплекстүзу реакцияларды 
полярографиялық талдау 
 
Жартылай толқынның фон электролитінің қасиетіне тәуел-
ділігі түзілген комплекстердің құрамы мен тұрақтылық констан-
тасын анықтау үшін координациялық қосылыстардың химиясы 


59 
мен термодинамикадасында қолданылады. Түзілген комплексті 
қосылыстар мен лигандтардың концентрация тұрақтылығы
неғұрлым жоғары болса, жартылай толқын потенциалы соғұрлым 
теріс ауданға қарай жылжи бастайды. 25 ºС-та бір қосылыстың 
түзілуі кезінде бұл тәуелділік
∆𝐸
1/2
0
=
0,059
𝑛
𝑙𝑔𝛽 −
0,059
𝑛
𝑝𝑙𝑔𝐶
𝐿
 
 
теңдеуімен сипатталады. Мұндағы 
∆𝐸
1/2
0
– лиганд болмаған 
жағдайдағы жартылай толқын потенциалымен салыстырғанда, 
лигандтың берілген концентрациясы 
с
𝐿
кезіндегі жартылай 
толқын потенциалының жылжуы; 
𝛽 – 
комплексті қосылыстың 
тұрақтылық константасы; 
𝑝
– координациялық сан. 
∆𝐸
1/2
0
-нің 
𝑙𝑔𝐶
𝐿
тәуелділік графигін қолдана отырып, 
𝑙𝑔𝛽
мен 
𝑝
шамаларын графикалық анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет