Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет61/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Сандық талдау 
 
Сандық талдау әдістері (3.2) теңдеуімен өрнектелген Бугер-
Ламберт-Бер заңына негізделген. Өткізу коэффициентінің мәні Т 
0 ден 1-ге дейінгі (1≥ Т ≥ 0) шегінде болғандықтан, ерітіндінің 
оптикалық тығыздығы 
А
= -lgT нөлден шексіздікке дейінгі кез 
келген оң мәндерді, қабылдай алу керек сияқты еді, яғни ∞ ≥ 
А
≥ 0. 
Алайда қажетті дәлділік пен тәжірибелік анықтауларға кез келген 
А мәні жеткілікті емес. Мысалы, 
А
≤ 0,01 мәні олардың өлшеуінің 
жоғары қателігіне байланысты анықталмайды.
(3.2) теңдеуінен көрініп тұрғандай, фотометрлік анықтаудың 
негізгі параметрлері өлшеу жүргізілетін толқын ұзындығы, 
оптикалық тығыздық, кювета қалыңдығы және боялған ерітінді 
концентрациясы болып табылады. Фотометрлік реакцияның то-
лық өтуі мен жүру жағдайларына, боялған және басқа реактив-
тердің концентрациясына, олардың тұрақтылығына, т.б. байла-
нысты әртүрлі химиялық факторлардың айтарлықтай әсері бола-
ды. Талданатын жүйе қасиетіне және қолданылатын фотометрлік 


107 
құралдың сипаттамасына байланысты талдау жағдайларын таң-
дайды.
Абсорбциялық спектроскопияның сандық әдістемелерінің 
негізгі операциялары: 
1)
үлгінің еруі және анықталатын құрамдастары боялған 
(жарық жұтатын) қосылысқа ауыстыру; 
2)
жарық көзінен жарықты монохроматормен анықталатын 
зат немесе салыстырмалы ерітіндісі бар кюветаға бағытталған 
жеке спектр құрамдастарына ыдырату; 
3)
талданатын және стандартты ерітінділердің оптикалық 
тығыздығын анықтау. Градуирлеу графигін тұрғызу және қызық-
тыратын құрамдасты анықтау үшін басқа амалдарды пайдалану.
Осы операцияларды қарастырайық. 
Талданатын заттың нақты мөлшерін еріту үшін жиі сулы не-
месе құм моншасымен қыздыра отырып, үлгіні минералды қыш-
қылдармен немесе олардың қоспасымен (мысалы, «патша ара-
ғы») өңдейді. Кейбір тау жыныстарын, отқа төзімділерін және 
т.б. талдағанда қышқылды өңдеу жеткіліксіз болады, мұндай 
жағдайларда үлгіні қышқылды не сілтілі балқытпалармен қорыту 
және кейінгі сілтілендіру пайдаланылады. Ерітуді жүргізгенде 
барлық анықталатын құрамдастарды ерітіндіге ауыстыру керек 
және қыздырғанда немесе ерітуге байланысты басқа операция-
ларды орындағанда, алып кету есебінен олардың жоғалуын бол-
дырмау керек. Алынған көпқұрамдасты ерітіндіден бөлу (тұн-
дыру, экстракция) операциясы арқылы анықталатын құрамдасты 
бөліп шығарады және оны боялған қосылысқа ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет