Жарық жұтатын қабаттың қалыңдығы. Бугер-Ламберт-Бер
заңының теңдеуі қабат қалыңдығы
неғұрлым үлкен болған сайын, оп-
тикалық тығыздық соғұрлым үл-
кен болатынын, соған байланысты
басқа да ұқсас жағдайларда анық-
таудың сезгіштігі жоғарырақ бола-
тынын көрсетеді. Бірақ қабат қа-
лыңдығы жоғарылауымен (опти-
калық жолдың ұзындығы) жарық
шашырауының әсерінен жоғалту-
лар өседі, әсіресе, ерітінділермен
жұмыс істегенде жоғары қабат қа-
лыңдығы 5 см жоғары кюветалар әдетте ерітінділер фотоме-
триясында қолданылмайды.
Әдістің сезімталдығы мен дәлдігі. Фотометрлік әдіспен
анықтауға болатын минималды концентрацияны
𝑐
𝑚𝑖𝑛
= 𝐴
𝑚𝑖𝑛
(𝜀𝑙)
⁄
қатынасы бойынша есептейді.
Егер болжамды есептеулер үшін
𝐴
𝑚𝑖𝑛
= 0,01, 𝑙 = 1 см
және
𝜀 = 10
3
деп алынса, онда:
𝑐
𝑚𝑖𝑛
=
0,01
10
3
∙ 1
= 10
−5
моль/л.
Бұл фотометрлік әдістің минималды концентрациясы емес,
себебі
𝜀
үлкен болуы мүмкін, бірақ
𝜀 = 10
3
мәні көптеген түсті
қосылыстарға тән, осылайша ол қандай да бір дәрежеде әдісті
сипаттайды. Кейде фотометрлік реакцияның сезгіштік көрсеткі-
ші ретінде
𝜀
шамасын ғана көрсетеді, сезгіштіктің басқа да сипат-
тамалары белгілі. Фотометрлік әдістердің дәлдігі фотометрлік
реакциялардың жеке ерекшелігіне, қолданылатын құрылғылар-
дың сипаттамасына және басқа да факторларға тәуелді және ай-
3.5-сурет. Салыстырмалы
қателіктің ерітінді өткізуіне
тәуелділігі
111
тарлықтай кең шектерде өзгереді. Фотометрлік әдістердің әдет-
тегі қарапайым қателігі шамамен 1-2 %-ды құрайды (салыстыр-
малы).