Эмбриология


Тура емес остеогистогенез



Pdf көрінісі
бет143/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   279
Байланысты:
Афанасьев

Тура емес остеогистогенез
Эмбрионалдык дамудын 2-ші айында болашак 
түтікшелі сүйектердің орнында мезенхимадан шеміршектен түратын ба- 
стама пайда болады да, ол тез болашак сүйектің пішінін түзейді (сүйектін 
шеміршектен түратын моделі). Бастама, сыртынан шеміршек үсті кабыкпен 
капталған, эмбрионалдык гиалинді шеміршектен түрады (8.30-сурет). Біраз 
уакыт ол шеміршек үсті кабыкта пайда болған жасушалардың есебінен, со- 
нымен катар ішкі аймактарда көбейген жасушалар есебінен өседі.
Сүйектің шеміршектің орнына өсуі
яғни тура емес остеогенез, диафиздін 
аймағында басталады (перихондралды сүйектену). 
Перихондралды суйек
сақинасының
(манжетасының) пайда болуының алдында, тамырлардың 
тармакталуы диафиздін ортаңғы бөлігіне жанаса жаткан шеміршек үсті 
кабығында остеобласттардын саралануымен косарланып, жасушалар басын- 
да 
дөрекі-талшықты суйек тінін
(сүйектенудің алғашкы орталығы) кұрайды, 
кейін ол 
табакшалы суйекпен
алмасады. Сүйек манжетасының пайда


234
8-Тарау. Дәнекер тіндер
8 .3 0 -су р е т. Тура емес (шеміршектік) остеогенез. Сүйектің шеміршектен тұратын 
моделінің және перихондралды сүйек сақинасының түзелуі (Ю. И. Афанасьев бой- 
ынша): а - г — остеогенез сатылары. 1 — түтікшелі сүйектің алғашқы шеміршектік 
моделі; 2 — шеміршек үсті қабық; 3 — шеміршек тіні; 4 — перихондралды сүйек 
сақинасы; 5 — сүйек үсті қабық; 6 — шеміршек жасушаларының бағаналары; 
7 — көпіршікті жасушалар аймағы; 8 — дифференциялана бастаған остеокластта- 
рымен (9) және қан қылтамырларымен (10) шеміршекке ене өсе бастаған мезенхи­
ма; 11 — остеобласттар; 12 — эндохондралды түзелген сүйектіні; 13 — эпифиздегі 
сүйектену ошағы
болуы шеміршектің коректенуін бұзады. Осының салдарынан шеміршектік 
бастаманын диафизарлык бөлігінін ортасында дистрофиялык өзгерістер 
калыптасады. Хондроциттер вакуолденеді, олардың ядролары пикноздала- 
ды, көпіршікті хондроциттер түзеледі. Бұл жерде шеміршектің өсуі токтайды. 
Перихондралды сүйек сакинасының кеңеюі шеміршектің деструкция 
аймағының ұлғаюымен және түтікшелі сүйектің моделіне кіре бастаған кан 
тамырлары мен остеобласттарға жол ашатын, остеокласттардың пайда бо- 
луымен кабаттасады (8.31-суретті караңыз). Бұл эндохондралды сүйектену 
ошактарынын (екінші реттік сүйектену орталығы) пайда болуына әкеледі. 
Диафиздің дисталды өзгеріске ұшырамаған көрші аймактарының өсуі 
жалғаса бергендіктен, эпифиздін және диафиздің шекарасында хондроцит­
тер тізбектеле орналасып, бағыты болашак сүйектін ұзын осімен дәл келетін 
бағаналар (колонкалар) құрайды. Сонымен, хондроциттердің бағаналарында 
екі карама-карсы бағытталған үдерістер — диафиздің дисталды бөлігінде 
көбею мен өсу және оның проксималды бөлігінде дистрофиялык үдерістер 
ажыратылады. Ісінген жасушалардың араларында минералдық тұздардын 
тұнуы басталып, шеміршектің өте базофилділігі және сынғыштығы пайда бо- 
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет