Эмбриология



Pdf көрінісі
бет239/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   279
Байланысты:
Афанасьев

Дәм сезу мүшесінің дамуы
Дәм сезу буылтығы адам эмбриогенезінің 
6—
7 апталарында дами бастайды. Олар тілдің дорсалды беткейінде оның шы- 
рышты кабыкшасынын бұлтиған өскіні түрінде калыптасады.
Дәм сезу буылтығының сенсоэпителийлік жасушаларының даму көзі 
тіл бүртікшелерінін көпкабатты эпителиі. Ол тілдін, тіл-жұткыншактык 
және кезбе жүйкенің жүйкелік талшыктарының ұштарының индукция- 
лау ыкпалының нәтижесінде дивергентті дифференцировкаға ұшырайды. 
Аздифференцияланған ізашарлардың дивергентті дифференцировканын 
нәтижесінде дәм сезетін эпителиоциттердін әркилы түрлері пайда болады. 
Сонымен, дәм сезу буылтыктарының жүйкеленуі олардың бастамаларының 
пайда болуымен бір мезгілде жүреді.
Қүрылысы. 
Әрбір дәм сезу буылтығының пішіні эллипсоидты, биіктігі 27— 
115 мкм, ені 16—70 мкм болып, тіл бүртікшелерінің көп кабатты эпителийлік 
кабатының барлык калындығын иемденеді. Ол бір-біріне тығыз жанаскан 
40—60 әр түрлі гетероморфты эпителиоциттерден тұрады. Астынан жана- 
са орналаскан дәнекер тіннен дәм сезу буылтығы базальды мембранамен


376
12-Тарау. Сезім мүшелері
8
1 2 .1 1 -сур е т. Дәм сезу буылтығы: 1 — I түрлі дәм сезу эпителиоциті; 2 — II түрлі 
дәм сезу эпителиоциті; 3 — III түрлі дәм сезу эпителиоциті; 4 — IV түрлі дәм сезу 
эпителиоциті; 5 — ill типті жасушамен синапстық контактылар; 6 — леммоцитпен 
қоршалған жүйкелік талшықтар; 7 — базальды мембрана; 8 — дәм сезу тесігі
бөлінеді. Буылтыктың ұшы тілдің үстіңгі бетімен 
дэм сезу тесігімен (porus
gustatorius)
байланысады. Дәм сезу тесігі үстіңгі эпителийлік жасушалардың 
араларындағы кішігірім терендеген аймакка — дәм сезу ойпаңына — 
жалғасады (12.11-суретті караңыз).
Дәм 
сезу жасушаларының ішінде 
бірнеше 
морфофункционалдык 
түрлерін ажыратады. Дәм сезетін /
типті эпителиоңиттердің
апикалды 
беткейінде 40 шакты микробүрлер болады, олар ас тітіркендіргіштерінін 
адсорбенттері болып табылады. Цитоплазмасында көптеген электрондытығыз 
түйіршіктер, түйіршікті эндоплазмалык тор, митохондриялар, цитокаңқаның 
микрофиламенттерінің шоғырлары мен микротүтікшелер болады. Осылардың 
бәрі цитоплазмаға күңгірт түс береді.
Дәм сезетін / /
типті эпителиоциттердің
цитоплазмасы ашык түсті, оның 
кұрамында жазык эндоплазмалык тордын цистерналары, лизосомалар және


12.4. Дәм сезу мүшесі
377
ұсак вакуольдер болады. Апикалды бөлігінде микробүрлер аз аныкталады. 
Жоғарыда аталған жасушалар жүйке талшықтарымсн байланыстар кұрамайды, 
олар тіректік жасушаларға жатады.
Дәм сезетін / / /
типті эпителиоциттер
цитоплазмасында диаметрі 100— 
200 нм, электрондытығыз өзегі бар көпіршіктерінің болуымен сипатталып, 
дәм сезу буылтығында салыстырмалы үлесі 5-7% күрайды. Жасушаның апи­
калды бетінде дәм сезу порасы аркылы өтетін микробүрлері бар ірі өсінді 
болады. Бұл жасушалар афферентті талшыктармен синапстар кұрайды және 
сенсоэпителийлік болып табылады.
Дәм сезетін 
IV типті эпителиоцшптер
(базальды) дәм сезу буылтығынын 
базальды 
бөлігінде 
орналасады. 
Аздифференцияланған 
бүл 
жасуша­
лар ядроның айналасында орналаскан цитоплазманың аздаған көлемінен 
және органеллалардың нашар дамуымен ерекшеленеді. Жасушаларда ми­
тоз көріністері аныкталады. Базальды жасушалар, сенсоэпителийлік және 
тіректік жасушалардан айырмашылығы, эпителийлік кабаттың үстіңгі бетіне 
ешкашанда жетпейді. Базальды жасушалар камбиалдык жасушаларға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет