Эмбриология



Pdf көрінісі
бет240/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   279
Байланысты:
Афанасьев

Шеткері
(перигеммалды
) жасушалардың пішіні орактәрізді, кұрамында ор- 
ганеллалар аз болады, бірак оларда микротүтікшелер көп болады және олар 
жүйкелік аяктамалармен байланыскан. Дәм сезу ойпаңында микробүрлердің 
араларында күрамында, тілдің үстіне түсетін дәмді заттар үшін адсорбент 
кызметін аткаратын, біршама мөлшерде рецепторлык нәруыздар мен 
гликопротеидтері болатын, фосфатазаның жоғары белсенділігі бар элект- 
рондытығыз зат орналаскан. Сырткы эсер энергиясы рецепторлык потен- 
циалға трансформияланады. Онын ыкпалынан сенсоэпителийлік жасушадан 
(III типті эпителиоцит) медиатор (серотонин немесе норэпинефрин) бөлініп, 
ол сенсорлық нейронның жүйкелік аяктамасымен әрекеттесіп, ол жерде 
жүйкелік импульс генерацияланады. Жүйкелік импульс әрі карай анали- 
затордың аралык бөлігіне беріледі. Тілдің алдыңғы бөлігінің дәм сезу буыл- 
тығында 
тәттіні сезетін,
ал арткы бөлігінде — 
ащыны сезетін
рецептор­
лык нәруыздар табылған. Дәмдік заттар, арнайы рецепторлык нәруыздар 
орнатылған, микробүрлердің плазмолеммасының мембрана маңы кабатына 
адсорбцияланады. Дәм сезетін бір жасуша бірнеше дәмдік тітіркендіргіштерді 
қабылдауға қабілетті. Эсер етуші молекулалардың адсорбциясы кезінде 
рецепторлык нәруыз молекулаларының конформациялык өзгерістері жүріп, 
олар сенсоэпителийлік жасушаның мембранасының жергілікті өткізгіштігін 
өзгертуге және плазмолемманың деполяризациясына немесе гиперполяри- 
зациясына әкеледі.
Әрбір дәм сезу буылтығына, сенсоэпителийлік жасушалардың ба­
зальды бөліктерімен синапстар түзейтін 50 шакты жүйкелік талшыктар 
кіріп, тармакталады. Бір сенсоэпителийлік жасушада бірнеше жүйкелік 
талшыктардың ұштары болуы мүмкін, ал бір кабелді талшык бірнеше дәм сезу 
буылтыктарын жүйкелендіре алады. Дәм сезу түйсігін калыптастыруға ауыз 
куысынын шырышты кабыкшасында, жұтқыншакта болатын арнайы емес 
афферентті жүйке үштары катысады (тактилді, ауырсыну, температуралык), 
олардын козуы дәм сезу түйсігіне ерекше рең («бұрыштың өткір дәмі») береді.


378
12-Тарау. Сезім мүшелері
Дәм сезу анализаторының аралық бөлігі.
Беттін, тіл-жұткыншақтык және 
кезбе жүйкенің орталык өсінділері бас миынын бағанына кіріп, дәм сезу 
жолының екінші нейроны орналасатын дара жол ядросына бағыт алады. Бұл 
жерде импульстердің эфферентті жолдарға — мимикалык бұлшык еттерге, 
сілекей бездеріне, тілдін бұлшык еттеріне ауыстырылуының өтуі мүмкін. Дара 
жол ядросынын талшыктарының басым көпшілігі дәм сезу жолынын 3 ней­
роны орналаскан таламуска жетеді, бұл нейронный аксоны орталыкарты 
катпарынын 
(дә.м сезу анализаторының орталык, бөлігі)
төменгі бөлігінде 
бас миы кыртысында 4 нейронда аякталады. Бұл жерде дәм сезу түйсігі 
калыптасады.
Қалпына келуі. Дәм сезу буылтығының сенсорлык және тіректік 
эпителиоциттері үнемі жаңарып отырады. Олардын өмір сүру уакыты ша- 
мамен 10 тәулікті кұрайды. Дәм сезетін эпителиоциттердің күйреуі кезінде 
нейроэпителийлік синапстар үзіліп, жаңа сенсоэпителийлік жасушаларда 
қайтадан калыптасады.
1 2 .5 . ЕСТУ ЖӘНЕ ТЕПЕ-ТЕҢДІК САҚТАУ МҮШЕСІ
Есту және тепе-теңдік сактау мүшесі, немесе кіреберіс-ұлу мүшесі 
(organum
vestibulo-cochleare),
сырткы, орталык және ішкі кұлактардан тұрып, дыбы- 
сты, гравитация және вибрация стимулдарын, сызыктык және бүрыштык 
жылдамдыктарды кабылдауды жүргізеді.
12.5.1. Сыртқы қүлақ
Сыртқы қулақ
(
auris externa)
кұлак калканынан, сырткы есту жолынан 
және дабыл жарғағынан тұрады.
Кулақ қалқаны
(
auricular)
эластикалык шеміршектің жұка табакшасынан 
кұралып, сыртынан кұрамында аздаған жіңішке шаштары мен май бездері бар 
терімен капталған. Онын кұрамында тер бездері өте аз.
Сыртқы есту жолы
кұлак калканының эластикалык шеміршегінің жалғасы 
болып табылатын шеміршектен және сүйектен тұрады. Жолдың үстіңгі бет, 
кұрамында шаштары және олармен біріккен май бездері бар, жұка терімен 
қапталған. Май бездерінен тереңіректе түтікшелі церуминозды (майлы) без- 
дер 
(glandula ceruminosa
) орналасады, олар бактерицидті касиеті бар күлыкты 
өндіреді. Олардың өзектері есту жолдарына немесе май бездерінің шығару 
өзектеріне жеке ашылады. Бездердін саны дабыл жарғағына жакындаған сай- 
ын азаяды.
Дабыл жарғағы
(
membrana tympanica
) сопакша, сәл ішке ойыскан, калын- 
дығы 0,1 мм. Орта кұлактын сүйектерінің бірі — балғашык өзінің сабымен да­
был жарғағынын ішкі беткейімен байланыскан. Балғашыктан дабыл жарғағына 
кан тамырлары және жүйкелер өтеді. Дабыл жарғағы орталык аймағында екі 
кабаттан тұрады, ол кабаттар коллаген және эластикалык талшыктардын 
шоғырларынан және олардың араларында орналаскан фибробласттардан 
кұралады. Сырткы кабаттың талшыктары радиалды бағытталған, ал ішкінін 
талшыктары айналмалы орналаскан. Дабыл жарғағының үстінгі бөлігінде кол-


12.5. Есту және тепе-теңдік сақтау мүшесі
379
лаген талшыктарынын көлемдері азаяды (Шрапнель жарғағы). Онын сырткы 
беткейінде оте жұка, калындыты (50—60 мкм) көп кабатты жазык эпителий, ал 
ішінде, орталык кұлакка караған бетінде калындығы 20—40 мкм болатын шы- 
рышты кабыкша, бір кабатты жазык эпителиймен капталған.
12.5.2. Ортаңғы қулақ
Ортаңғы кұлак 
(auris media)
дабыл куысынан, есту сүйекшелерінен және 
есту (евстахий) түтікшесінен тұрады.
Добыл қуысы
— көлемі 2 см3 шамасында болатын, жайпактанған, шырышты 
кабыкшамен капталған кеңістік. Эпителий біркабатты жазык, кей жерлерде тек- 
шел! немесе цилиндр тәріздіге ауысады. Ортаңғы кұлактың шырышты ка- 
быкшасында және сүйектен кұралған кабырғаларында бет, тіл-жүткыншактык, 
кезбе жүйкенін тармактары өтеді. Дабыл кеністігінің медиалды кабыртасында 
екі тесік немесе «терезелер» болады. Біріншісі — 
сопақ терезе.
Ол жерде үзең- 
гішенін негізі орналасады, оны терезенің шенбері бойымен орныккан жіңішке 
байлам ұстап тұрады. Сопак терезе үлудын вестибулярлык баспалдағынан дабыл 
куысын бөліп тұрады. Екінші терезе 
дөңгелек
, сопактерезенің сәл арткы жағында 
орналасады. Терезе талшыкты мембранамен жабылған. Дөңгелек терезе үлудын 
дабыл баспалдағын дабыл куысынан бөліп тұрады.
Есту суйекиіелері
— балғашык, төс, үзеңгіше сырткы кұлактың дабыл жар- 
ғатының тербелісін, ішкі кұлактың вестибулярлык баспалдағынан бастала- 
тын, сопакша терезеге жеткізетін тетіктер жүйесі тәрізді болып табылады.
Дабыл куысын жұткыншактың мұрын бөлігімен байланыстыратын 
есту тутігінің
анык байкалатын, диаметрі 1—2 мм шамасында, куысы бо­
лады. Дабыл куысымен жанаса орналаскан бөлігінде есту түтігі сүйектен 
күралған кабырғамен капталады, ал, жұткыншакка таяла түскенде, гиалинді 
шеміршектін аралшыктары 
аныкталады. 
Түтіктің куысы көпкатарлы 
призмалык кірпікшелі эпителиймен капталған. Оның кұрамында бокал 
тәрізді безді жасушалар болады. Эпителийдің үстіне шырышты бездердің 
өзектері ашылады. Есту түтігі аркылы ортаңғы кұлактың дабыл куысындағы 
ауаның кысымы реттеледі.
12.5.3. Ішкі қулақ
Ішкі күлак (
auris interna)
сүйек лабиринтінен және онын ішінде орналаскан 
жарғакты лабиринттен тұрады, кейінгінің ішінде ренепторлык жасушалар — 
есту және тепе-теңдік сактаудын кылшыкты жасушалары орналасады. Есту 
мүшесінде рецепторлык жасушалар (даму негізі бойынша сенсоэпителийлік) 
ұлудын иірімді немесе спиралды, мүшесінде, ал тепе-тендік сактау мүшесінде 
эллиптикалык және сферикалык капшыктардын дактарында және жартылай 
иірімді түтікшелердің үш ампулярлык айдаршаларында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет