392
12-Тарау. Сезім мүшелері
жалпы кохлеарлык. Вестибулярлык артерия есту дактарының аймағында
кылтамырлык өрімдер кұрай отырып, эллиптикалык және сферикалык
капшыктардың төменгі және бүйірлік бөліктерін, сонымен бірге, жартылай
иірімді түтікшелердің жоғарғы бүйір бөліктерін канмен камтамасыз етеді.
Кохлеарлык артерия спиралды ганглийді канменен камтамасыз етеді, және,
вестибулярлык баспалдактың және спиралды сүйек табакшасының периосты-
лары аркылы, спиралды мүшенің базальды мембранасының ішкі бөліктеріне
дейін жетеді. Лабиринттің венозды жүйесі үш, бір-бірінен тәуелсіз — ұлуда,
кіреберісінде және жартылай иірімді каналдарда орналасатын веноздык
өрімдерден күралады. Лабиринтте лимфа тамырлары табылған жок. Спирал
ды мүшеде кан тамырлары болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: