66
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
Эндоцитоз және экзоцитоз үдерістері плазмолеммамен байланыскан
микротүтікшелер және жиырылғыш микрофиламенттер тәрізді цито-
плазманын фибриллярлык компоненттерінің катысуымен өтеді. Акырғылар,
плазмолемманын белгілі аймактарымен байланыса отырып, өздерінін ұзын-
дыктарын өзгерту аркылы мембрананы жасушаның ішіне тарта бастайды, бүл
эндоцитоздык вакуольдердін плазмолеммадан бөлінуіне әкеледі. Көбінесе
плазмолеммаға тікелей жанаса орналаскан микрофиламенттер тұтас корти-
калды кабатты кұрайды.
Жануарлардың көптеген жасушалары өсінділер түзей алады. Біркатар жасу-
шаларда мұндай өсінділердін күрамында цитоплазманын арнайы компонент-
тері (микротүтікшелер, фибриллалар) болады, бүл козғалу органеллалары-
ның —
кірпікшелердің, қылшықшалардың
түзелуіне әкеледі.
Жануарлардың жасушаларынын үстіңгі беткейінде
микробүрлер
көбірек
кездеседі. Олар плазмолеммамен шектелген, жоғарғы ұштары дөнгеленген
цилиндр пішінді цитоплазманын өсіндісі. Микробүрлер эпителий жасушала-
рына тән, бірак баска тіндердің жасушаларында да кездеседі. Микробүрлердің
диаметрі шамамен 100 нм. Әртүрлі жасушаларда олардыңсаны және ұзындығы
әркилы болады. Микробүрлердін санының артуы жасушаның үстіңгі бетінің
көлемін күрт үлғайтады. Бұл әсіресе сіңіру үдерісіне катысатын жасушаларға
өте маңызды. Мысалы, ішек эпителиінде беткейінің 1 мм2 микробүрлердін
саны 2 х 108-не жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: