1 0 8
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
Жасушаға жасалатын эр түрлі ыкпалдар кезінде ядроның құрылымынын
ең жиі өзгерісі хроматиннін конденсиялануы болады, оны ядролык
синтетикалык үдерістердің төмендеуі айқындайды. Жасушанын өлуі кезінде
хроматиннің агрегациясы жүреді, ядроның ішінде дөрекі ұйымалар күралады
(кариопикноз), ол ядроның бөлшектерге бөлінуімен (кариорексис) неме-
се ядроның еріп кетуімен (кариолизис) аякталады. рРНҚ синтезінін тежелуі
кезінде ядрошыктардың көлемдері кішірейеді, түйіршіктерінен айрылады,
фрагменттерге бөлінеді.
Ядро қабығының жиі кездесетін өзгерістеріне перинуклеарлык кеңістіктін
кеңеюі (ісінуі), ядронын пикнозымен косарланған ядро кабығынын иректелуі
жатады. Закымданудың ерте сатыларында жасушалардың пішіні дөңгеленіп,
олар көптеген өсінділері мен микробүрлерін жоғалтады. Кейініректе
плазмолемманың өзгерістері, керісінше, жасушаның үстіңгі бетінде әр түрлі
өсінділер мен ұсак көпіршіктердің пайда болуына әкеледі.
Тотыктандырушы фосфорленудін бұзылуының бастапкы сатыларында ми
тохондрия матриксінін кысылуы және мембрана аралык кеңістіктің біршама
кеңеюі байкалады. Митохондриялардың реакциясының бүл түрі кешіректеу
кезде, жасушалардың әр түрлі патологиялык өзгерістерінің жағдайында жиі
кездесетін, олардын ісінуімен алмасуы мүмкін. Митохондриялар бұл кезде
дөңгелектенеді және көлемдері үлкейеді, матриксі суланып, түсі акшылдана
түседі. Митохондриялардың ісінуі, әдетте, олардың кристілерінің саны
мен көлемдерінің редукциялануымен косарланады. Митохондриялардың
кайтымсыз закымдануы жағдайында олардың мембраналары жарылады. Ал
матрикс гиалоплазмамен араласып кетеді.
Эндоплазмалык тор көбінесе вакуольденіп, ұсак көпіршіктерге ыдырай-
ды. Сонымен коса, тордың мембраналарында орналаскан рибосомалардың
саны кемиді, бұл нәруыз өнімінің төмендеуінің белгісі болып табылады.
Гольджи кешенінің цистерналарынын көлемі үлкейіп кетуі немесе ұсак ваку-
ольдерге шашырап кетуі мүмкін. Закымданған жасушаларда лизосомалардын
белсенділігі жоғарылайды, аутофаголизосомалардың саны артады. Жасу
шанын терең закымданулары кезінде лизосомалардын мембраналары
жыртылады және лизосомалык гидролазалар жасушаның өзін күйрете бастай-
ды — жасушалардын лизисі басталады.
Жасушанын закымдануы жағдайында онын митоздык белсенділігі күрт
төмендейді. Жасушалар митоздын әр түрлі сатыларында кідіре бастайды,
ол негізінен, жасуша ішілік ортаның өзгерістеріне өте сезімтал, митоздык
аппараттың бұзылыстарының нәтижесінде калыптасады.
Егер жасушадағы өзгерістер тым терендеп кетпесе, онда жасушалык
бұзылыстардың репарациясы жүреді де, жасуша калыпты кызметтік деңгейіне
кайта оралады. Жасуша ішілік құрылымдардың калпына келу үдерісі
Достарыңызбен бөлісу: