Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


МЕКТЕП ТәЖІРИБЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТЕТІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет117/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   298
Байланысты:
МАН-1

МЕКТЕП ТәЖІРИБЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТЕТІКТЕРІ
Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен 
бірлесіп әзірлеген «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан 
республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын игерген барлық 
мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналады, яғни олар өзінің оқыту тәжірибесіне өзгеріс 
енгізу және мектептегі әріптестеріне коучинг және тәлімгерлік жүргізумен қатар, оқуды 
аяқтаған соң озық тәжірибелермен басқа мектеп мұғалімдерімен бөлісу мақсатында өңірлік, 
республикалық, тіпті халықаралық деңгейде мектептермен ынтымақтастық орнатып, 
қоғамдастық аясында тәжірибе алмасуды ұйымдастырады деп күтіледі. Осылайша Бағдарлама 
мақсатына қол жеткізу үшін мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге назар 
аудара отырып, коучинг пен тәлімгерліктің көмегімен өз мектептеріндегі әріптестерін оқытып, 
солардың тәжірибесін өзгертуге күш салады. Сонымен қатар, әріптестерімен қоғамдастық 
құрып, бірлесіп проблемаларын талқылап, олардың шешімін іздеп, озық тәжірибелерді талдай 
және бағамдай отырып, өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізу арқылы тәжірибе алмасады. 
Осының негізінде біз оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізудің өзара тығыз байланысты 
үш түйінді тетігін атап көрсеткіміз келеді (29-сурет).
29-сурет:
 Өзгеріс енгізуге көмектесетін түйінді тетіктер


109
ЖҰМЫС әДІСТЕРІ 
Мұғалімнің көшбасшылығы: зерттеулерге шолу
(Мақаланың толық нұсқасын білім беру порталынан (www.cpm.kz) табуға болады)
Альма Харрис пен Дэниел Муйжс
Уорик университеті
1. Кіріспе 
Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады 
деген пікір кеңінен тараған. Шетел әдебиетінен алынған деректер табысты көшбасшылар 
мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты 
ықпал ететіндігін дәлелдейді. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен оқу үлгеріміне қатты 
әсер етеді десек те, көшбасшылық сапасының мұғалімдердің ынтасы мен балаларды оқыту 
деңгейіне ықпалы бар ма деген мәселе төңірегінде үнемі пікірталас туындап жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет