Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары



Pdf көрінісі
бет22/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары
Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистік 
психологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін «мен» тұжырымдамасына 
баса назар аудара отырып қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және 
сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып 
танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым авраам Маслоу болды 
(1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – 
өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды 
(8-сурет).
 
8-сурет.
Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы
Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге 
көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта анағұрлым күшті болады. 
Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды 
орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу 
деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:
1-деңгей: 
Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік 
сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы 
керек.


24
2-деңгей: 
Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және бірізділікке 
негізделген өмір болуын көздейді. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемін 
қорғап, жоғары деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсайды. Ал 
қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.
3-деңгей: 
Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды 
жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.
4-деңгей: 
Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлік, 
құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені 
де жатқызуға болады.
5-деңгей: 
Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу.
Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін-
өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа 
ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды 
жатқызуға болады.
Карл роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым-
қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім беру қисын мен интуиция, зияткерлік 
пен сезімді қамтиды деген идеяны өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе тәжірибеге негізделген 
оқудың сипаттамасы төмендегідей:
• «Оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуінде де адамның жеке 
өзінің араласуын көздейді.
• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалған 
күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.
• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке 
тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі 
білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып 
оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
• Оның мәнi – мағынасында. Мұндай оқу орын алған жағдайда оқушы үшін оқудың 
мағынасы жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» 
(Rogers, 1983).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет