32
Сарапшылардың пікірінше, сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын
адамдар мен топтар:
• қадағалау жолымен алынған деректерге;
• мәнмәтінге;
• барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;
• ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;
• алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық
құрылғыларға тиісті көңіл бөледі.
Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады:
• проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;
• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын
түсіну;
• тиісті ақпаратты жинау;
• белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
• тілді түсіну және нақты, анық және түйсіне қолдану;
• дәлелдер мен дәйектерді бағалау, деректерді интерпретациялау;
• тұжырымдар арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын)
белгілеу;
• шынайы қорытындылар мен шолу жасау;
• жасалған қорытындылар мен шолуларды сараптау;
• алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету;
• күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы бара-
бар пікір қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: