31
Сын тұрғысынан ойлау «
ойлау туралы ойлану
» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді
талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер
педагогикалық білімі
бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы
субъектілер болғандықтан, оларда бұл
дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.
Сын
тұрғысынан ойлау
– Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің
де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Тарихи шолу
Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы
дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші
сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың
талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Қазіргі әлемде сын тұрғысынан
ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлау дағдыларынан күтілетін үміт пен оған қойылатын
талаптарды қанағаттандыру деңгейін анықтау құралы ретінде қаралады. ХХ
ғасырда осы
проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: