8
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы
алынған білім оқушылардың
жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау,
үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде
есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде
ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-
мағынасы терең меңгерілмей,
жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң
немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана
алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған
білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің
өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге
сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша
білімдерін
өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре
алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін
өрістете алатындай етіп
орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың
тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту
мақсатында олармен жұмыс жүргізу
қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың
тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың
жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді
білуін де көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: