Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Мүстьер дәуірі
Төменгi тас кезiнде ауа райының күрт сууына байланысты Еуропа мен 
Азияның солтүстiк аудандарын мұздықтар басты. Кейбiр ғалымдар мустьердi 
төменгi тас пен жоғарғы тастың арасындағы орта палеолит деп қараса, 
ғалымдардың басым көпшiлiгi оны төменгi тастың соңғы кезеңi деп санайды. 
Қалай болғанда да осы мүстьер дәуiрiнде ауа райы жылып, мұздықтар бiртiндеп 
ерiдi, олардан босаған жерлерде адамдар мекендей бастады. 
Неандарталдар өмір сүрген табиғи жағдай қазіргіден анағұрлым өзгеше болды.
Мүстьер дәуірі рисс-вюрмдік мұздықаралықтың соңы мен вюрм мұздығының 
басқы кезіне сәйкес келді. Неандарталдықтардың таралу аймағы мен қоршаған 
ортаға бейімделу қабілеті ерте палеолит адамдарына қарағанда едәуір жоғары 
еді. Қатаң табиғат пен климат жағдайы мүстьер адамдарын саналы іс-әрекетке 
талпынтты. Алғашқы киімдердің пайда болуы, отты тұтатудың жаңа тәсілін 
игеру, баспаналардың жетілуі алғашқы қауымдық адамдардың жаңа жерлерді 
игеруіне негіз болды.
Қырым, Кавказ, Оңтүстiк Урал, Орта Азия, Қазақстан және Алтай жерлерiн 
адамдар осы кездерде қоныстана бастағанға ұқсайды. Мүстьер аңшылары мен 
терiмшiлерiнiң тұрақтары Шығыс Еуропа мен Орта Азияда көптеп табылып 
зерттелген. Мәселен, Қырымда: Киiк – Қоба, Заскальная, Қасқырапан, 
Староселье, Шайтан-Қоба секiлдi мүстьер тұрақтарының үлкен тобы ашылып, 
зерттелген. Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары мен Қавказ жерлерiнде 200-ге 
жуық осы дәуiрдiң ескерткiштерi белгiлi. Мустьер мәдениетiнiң үлкен ошағы 
болып Орта Азия саналады. 1938 жылы А.П.Окладников тапқан Тесiктас 
үңгiрiнен бастап, Қапшағай, Күлбұлақ, Оби-Рахман, Қарабура, Қайраққұм 
тұрақтарын зерттеу үлкен ғылыми жаңалық әкелді. Тесіктас үңгірінен 
палеоантроп баланың жерленген сүйегі табылған. Баланың денесі тауешкінің 
сүйектерімен айнала қоршалған. Бұл жерлеу ғұрпының белгілері, өлген кісінің 
әруағы мен жануарларға табынудың алғашқы көрінісі тәрізді. Қазақстан жері де 
– мүстьер дәуiрi аңшылары мекендеген ірі орталықтардың бірі. Мұнда ең жақсы 
зерттелген ескерткiштер қатарына Қаратаудағы Арыстанды өзенiнiң 
жағалауында орналасқан Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ жатады. Ол 2,3 м 
тереңдіктен 7,2 метрге жететiн 6 мәдени қабаттан тұрады. Тұрақтан мыңдаған 
тас құралдар, алау мен ошақ орындары, жылқы, киік, қасиетті бұғы, жабайы 
бұқалардың сүйектері табылған. Зерттеу барысы алғашқы адам қауымдары бұл 
жерді ұзақ уақыт тұрақты мекендегенін анықтау мүмкіндігіне ие болды. Еңбек 
құралдарын жасаған материал ретінде негізінен халцедон тасы пайдаланылған. 
Түркістан қаласына жақын жердегі Қосқорған тұрағы қызықты мәліметтер 
берді. Мұнда ежелгі тұрақтың астынан бұлақ көзі шыққан. Оның тереңдігі 1 м, 
диаметрі 25 м. Палеозоологтар жүргізілген қазба барысында «Қосқорған 
кешені» аталған төрттік кезеңнің соңында өмір сүрген сүтқоректілердің 


көптеген сүйек қалдықтары жиналды. Негізгі еңбек құралы әртүрлі қырғыштар 
мен пышақтар ақ кварц және сарғыш құмтастардан жасалған. Тас құралдардың 
ұқсас түрлері Еуропадағы: Вертешселеш (Венгрия) және Бильцинисглебен 
(Германия), Шығыста: Чжоу-коу-дань (Қытай) тұрақтары кешеніне жақын. 
Еуропалық тұрақтардың болған уақыты осыдан 350-600 мың жыл бұрынғы.
Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Бүркiттi және Шалсай секiлдi мүстьер 
аңшыларының тұрақтарының көптiгi Оңтүстiк Қазақстанды алғашқы адамдар 
тығыз мекендегенiн көрсетедi.
Мүстьер тұрақтары Қазақстанның басқа аудандарынан да табылып, жақсы 
зерттелген. Олар: Орталық Қазақстанда - Мұзбел, Батпақ 8, Өгiзтау 1,2, 
Вишневка, Семiзбұғы 1; Шығыс Қазақстанда: Қанай, Құдайкөл, т.б. тұрақтар. 
Мүстьер дәуіріндегі тас өңдеу индустриясын зерттеуге Маңғыстаудағы Шақбақ 
ата, Өнежік тұрақтарының материалдары көп үлес қосты. Мұнда құрал жасауға 
жергілікті шақпақтастар қолданылған. Көптеген зерттеу қорытындылары 
Қазақстанның ежелгі аңшылары питикантроптар мен синантроптардың 
замандастары болғандығын білдіреді. Олар өзінің эвалюциялық деңгейінде
Homo Sapiens фазасына сәйкес келеді. Осы кездегі адамдар тобыры отты 
жағуды игеріп, оны ұзақ уақыт сөндірмей ұстауды білді, ірі және ұсақ аңдарды 
аулады және жемістерді, түрлі жабайы дақылдарды жинады. 
Мүстьер қоғамның өндiргiш күштерi алғашқысына қарағанда едәуiр дамыған 
кезең болды. Бұл кезде тас құралдарды жасау әдiстерi бiршама дамыды. Тасты 
бөлу, жару тәсiлдерi қалыптасты, тас құралдарының түрлi мақсатқа арналған 
түрлерi көбейдi. Қазiргi кезде мүстьерлiк тас құралдарының 60-қа жуық түрлерi 
ғылымға белгiлi. Олардың iшiндегi ең көп таралған түрлерi орташа көлемдегi 
шапқыштар, кескiштер, қырғыштар мен өткiртұмсықтар, т.б. 
Мүстьер кезiнде аңшылық кәсiп бұрынғысынан да жоғары мәнге ие болды. 
Бұл кезде негiзгi аңшылық қару ретiнде найзалар қолданылды. Ұштары тастан 
жасалған найзалар мен сүңгiлердiң пайдаланылуы аңшылық кәсiптiң 
мүмкiндiгiн арттырды. Дегенмен, аңшылық құралдардың едәуiр жетiлгенiне 
қарамай, аңшылықтың ұжымдық түрi (қаумалап аулау) негiзгi болып қала бердi. 
Аң аулаудың орасан маңызын тұрақтар мен маусымдық жайларда шоғырланған 
мол сүйек қалдықтарынан байқаймыз. Мысалы, Староселье мекенжайынан 
есектің 60 мыңға жуық талқандалған сүйектері табылған. Әдетте, жануарлардың 
жекелеген түрін аулау қалыптасқан. Мәселен, Кударо І, Навалишенск, Цон 
үңгірлері тұрғындары үңгір аюларын, Ильск, Волгоград тұрақтарында 
бизондарды, Тесіктас үнгірінің тұрғындары тауешкілерді аулаған. Молдова І,V 
және басқада бірсыпыра тұрақтардан мамонттардың сүйектері көп табылған. 
Сонымен қатар құстар мен ұсақ жануарларды аулау мен терімшілік кәсіптер 
жалғасын тапты. Су көздеріне жақын тұрақтардың адамдары балық аулауды әрі 
қарай дамытты. Кударо І тұрағынан балық қабыршақтарының үлкен 
қалдықтары шыққан.


Сақталып қалған ең алғашқы жерлеу орындары да мүстье дәуіріне жатады. 
Орта Азиядағы Тесіктас үңгіріндегі және Қырымдағы Староселье тұрағындағы 
жерлеулер сол дәуірге тән. Жерлеудің пайда болуы адамдардың өмір мен өлім 
туралы танымдық түсініктерімен байланысты. Осы тарихи маңызды факт 
мүстьерліктердің қоршаған орта, жан мен тән, осы және о дүние, өмір мен өлім 
секілді дүниетанымдық көзқарастарының дамуын растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет