Сузы І, Джова, Тали Бакун, Гисар І қоныстарының б.з.д. V мыңжылдықтың
соңы мен VІ мыңжылдықтың басына жататын қабаттарынан белгілі.
Иранның батыс жағындағы Кіші Азия жерінде де б.з.д V мыңжылдықтың ерте
егіншілік кешендері ашылған. Балшық үйлер мен мыс құралдар, сырты
безендірілген ыдыстар мен теракоталық статуэткалар осы өңірге тән. Ирак
жеріндегі Хасун мәдениетінің Жарым төбе І мекенжайынен табылған мыс
құралдар мен өрнекті ыдыстар осы мезгілге жатады. Осы айтылған өңірлердегі
мәдени-шаруашылық байланыстар сонау мезолит және неолит дәуірлерінен
бастап сабақтасып келе жатқанын байқау қиын емес.
Орта Азияның энеолиттік ескерткіштерін Иран мен Месопотамияның
археологиялық материалдарымен қатарластыра қарау Намазга І ерте, Намазга ІІ
дамыған, Намазга ІІІ кейінгі энеолитке тұспа-тұс келеді деп қорытынды жасауға
негіз болады. Мәдениеттің орталығы Намазга I – б. з. д. V – I V -
мыңжылдықтарға жатады. Мұнда егіншіліктің дамуы жалғасты. Егінді таяқ
қазғыштармен қопсытқан. Негізінен арпа мен бидай егілді. Үй жануарларынан
сиыр, қой, шошқаның сүйектері жиі кездеседі. Қамкірпіштердің алғашқы
түрлері пайда болды. Бір бөлмелі үйлерге жалғастыра қамбалар мен қоймалар
салынған. Қоныстардың аумағы аса үлкен емес, 2 га көлемінде. Осы кезеңнің
соңында аумағы 10 гектарға жеткен қоныстар қалыптасты. Алғашқы мыс
бұйымдар табылған: олар – әшекейлер, екі жағы жүзделген пышақтар, төрт
қырлы біздер. Металлографиялық анализ олардың балқытып құйылғандығын
анықтады. Кейбір заттар бір жақты қалыпта құйылған. Тас құралдар өте сирек
кездеседі. Олардың сиреуі металдың пайда болуымен түсіндіріледі.
Ыдыстары жартылай сфера тәріздес түбі тегіс. Бір түсті сыртқы
өрнектері батыс пен шығыста едәуір ерекшеленеді. Балшықтан жасалған конус
тәріздес ұшықтың бастары жиі кездеседі. Сол кезде әйел адамның құдайдай
құрметтелгенін білдіретін балшықтан жасалған жалаңаш әйел мүсіндері көп
табылды. Жерлеу орындары әдетте, қоныстың аумағында орналасқан.
Марқұмның қол-аяғын бауырына бүгіп жатқызып, үстінен жоса сепкен.
Бастарын бір бағытта қою тәртібі сақталмаған. Жерлеу заттары кедей,
әлеуметтік теңсіздік белгілері байқалмайды.
Орта Азиядағы Қаратөбе, Геоксур І, Алтынтөбе мекендерінің материалдары
энеолиттің ерте кезеңіне жататын материалдар берген. Олардың астыңғы
қабаттары 2 – 3 мыңжылдық уақытты қамтиды. Ал жоғарғы қабаттары қола
дәуіріне сәйкес келеді. Көптеген энеолиттік мекендер жекелеген оазистерге
топтасқан. Солардың елеулілерінің бірі – Тежден атырауындағы Геоксур
оазисі.
Достарыңызбен бөлісу: