Энеолит и бронзовый век Украины. – Киев,1967.
Энеолит и бронзовый век Урало-Иртышского междуречья. – Челябинск, 1985.
Орта Азия мен Кавказдың қола ғасыры мәдениеттері
Орта Азия қола ғасыры мәдениеттері
Қола ғасырды оқытуға кiрiсер алдында адамзаттың б. з. д. 3-мыңжылдықта
қоланы игеруiнiң тарихи маңызын анықтап алған жөн.
Қола еңбек құралдарының мысқа қарағанда
кең таралуына оның сапалық
артықшылығы басты себеп болды. Дегенмен, сапалы қола еңбек құралдарының
өзi барлық жерлерде бiрдей тас еңбек құралдарын ығыстырып шығара алмады.
Тiптi, қола өндiру мүмкiндiгi жоғары аудандардың өзiнде тас еңбек құралдары
көпке дейiн сақталып қалды. Бұл жағдай бiрнеше себептерге байланысты
болды. Соның iшiндегi басты ерекшелерiнiң бiрi – қола алынатын тау
жыныстарының құрлықтың барлық бөлiктерiнде бiрдей кездеспейтiндiгi.
Сондықтан рудаға бай аудандардың қола ғасыр кезiндегi
мәдениеттерi басқа
аудандарға қарағанда едәуiр қарқынды дамыды. Осындай орталықтарда
жасалған еңбек құралдары қола өндiруге мүмкiндiгi жоқ алыс аудандарға да
таратылды.
Табиғи жағдайларға сәйкес қола құятын жеке орталықтар қалыптасты. Бiздiң
жерiмiзде осындай бiрнеше орталықтар белгiлi.
Солардың ең алғашқылары
Кавказда, Уралда, Қазақстанның шығысында және Байкалдың жағалауында.
Осы аудандарда адамдар қола жасауды басқа жерлерге қарағанда ертерек
меңгердi.
Дегенмен, қолаға көшудi бір ғана материалдық мәдениетте болған төңкерiс
деп қарауға болмайды. Қоланың таралуы шаруашылықтың барлық салаларында,
әлеуметтiк және қоғамдық қатынастарда түбегейлi өзгерiстерге алып келдi.
Еңбек құралдарының түрлері көбейді. Қоладан
құралдар мен қару жасаудың
қыры мен сыры игерілді. Рулар арасындағы қақтығыстар қару түрлерінің
дамуына әсер етті. Семсер, қанжар, соғыс балтасы, найза секілді қарулар
едәуір жетілдірілді. Тайпалардың дамуындағы жаңа дәуiр қалыптасты. Ол
егiншiлiк пен бақташылықтың одан әрi дамуы
мен бақташы тайпалардың
шаруашылықтың басқа түрiнен бөлiнiп шығуымен ерекшеленедi. Үлкен тарихи
маңызға ие болған бұл оқиға табиғат жағдайы мен ауа райы мал өсiруге өте
қолайлы далалы және орманды аудандарда алдымен жүзеге асты. Бiр-бiрiнен
алыс аймақтарда мекендеген тайпалардың арасында болған айырбас пен мәдени
байланыстар осы оқиғамен тiкелей қатысты.
Қола ғасырында әртүрлі аймақтардағы тайпалардың арасында экономикалық
теңсіздік қалыптасты. Бұған басты себеп метал қорының бар-жоғы болатын. Бір
жерде мыс,
екінші жерде қалайы қоры болса, үшінші аймақтарда бұлардың
екеуі де жоқ. Бұл бір жағынан қоғам дамуындағы теңсіздікті арттырса,
екінші
жағынан тайпалар арасындағы өзара айырбастың күшейуіне себепші еді.
Археологиялық зерттеулер нәтижесі егіншілік пен мал шаруашылығы қатар
дамығандығын байқатады. Дегенмен, жоғары жетілген
суғармалы егіншілік
оңтүстік аудандарда жетекші орын алса, мал өсіру кәсібі солтүстік аудандарда
жақсы жетілді. Қола дәуірінің жоғары жетілген егіншілік мәдениеттері Оңтүстік
Түрікменстан жерінде шоғырланған. Мұнда егiншiлiк пен отырықшы тiршiлiк
энеолит дәуiрiнен бастап қалыптасып дами бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: