Танымдық мақсаты мен міндеті: • Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды
ұсыну және пікір алмасу;
• Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту
Эмоционалдық мақсаты мен міндеті: • Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне
сүйену;
• Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны
қамтамасыз ету.
Тақырып: Қазақ тіл біліміндегі салғастырмалы типологиялық лингвистика Жағдаят: Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері
қатар өмір сүріп келеді. Оларды жан-жақты танып білу, оның
белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып, айқындау тілдерді
салыстырғанда және салғастыра зерттегенде ерекше нәтиже
береді.Тіл өзінің өмір сүру формасына қарай құрылымы көп
болып келеді. Тілдің өмір сүру формалары - оның қызметінің
шарттарын айқындайтын тілдің көп түрлілігі. Тілдің өмір
сүруінің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл, онда норма сақталған,
тіл жинақталған жэне кодталған болып келеді.
Типология ғылымның ерекше бір тарауы. Ол ғылымның
барлық салаларына
қатысты. Өйткені таксономиялық талдау,
неше түрлі обьектілерді салыстыру немесе классификациялау
лингвистикалық тіл білімімен қатар лингвистикалық емес ғылым
салаларында да қолданылады. Типология –заттарды немесе
құбылыстарды қандай да болсын бір белгілерінің ортақтығына,
ұқсастығына қарай жіктеу яғни әр түрлі типті заттар мен
құбылыстардың қарым-қатынасын білдіретін топтау жүйесі
болып табылады.Ол тілдерді салыстырады, салғастырады, ол
тілдерарасындағы ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, және
басым белгілерді қарастырады. Типологияда тіл типі және
тілдегі тип ұғымдарының айырмашылығы бар.
Дүниежүзілік тілдерді екі классификацияға топтастыруға
болады. Ол тілдердің генеалогиялық және типологиялық
–
152
–
Салғастырмалы тіл білімі классификациясы. Тілдердің төрт типі бар. Ол типтер бір-
бірінен ерекшеленеді.