көршілерге материалдық көмек көрсетіліп, тұрғындармен танысып, жергілікті өмірге
бейімделуге ықпал етеді.
Көрімдік – жас келінді немесе жаңа туған нәрестені алғаш көрген қонақтың сыйы.
Сүйінші – үйге жақсы хабар әкелген адамға алғыс ретінде иелерінен бағалы сыйлық алатын
әдет-ғұрып.
Сәулет – ұлттық мәдениет жайлы сөзсіз сөйлеп, тілсіз
баяндап бере алатын асыл қазына. Ал көшпенділер
мәдениеті турасында ғасырдан ғасырға сыр шертіп
келетін бірегей құрылыс – киіз үй. Көшпенділер
панасы өз бастауын біздің заманымызға дейінгі ХІІ
ғасырдан алады. Шеңбер күмбезді қазақ киіз үйінің
соңғы сипаты ХІХ ғасырдың басында толық
қалыптасқан. Жылыстап жылдар өтсе де, қазақ
тұрмысы танымастай өзгерсе де, киіз үй қазақстандық
шаруа өмірінің таптырмас бөлігі, бұлжымас
қажеттілігі болып қалыптасқан. Неге десеңіз, киіз үй -
дала жағдайыдағы ең қолжетімді, оңай тасымалданып,
жылдам құрылып-жиылатын, ызғарлы жел мен
нөсерлі жауыннан қорғай алатын жалғыз баспана. Бар
артықшылығына лайықтап, «Көшпенділер сәулетінің
жауһары» деп аталған киіз үйдің құпиясы да осы
көпқызметтілігінде болар.
Киіз үй
Достарыңызбен бөлісу: |