Орындаған: Құрманбекқызы Г.
Қабылдаған: Малдыбек А.
Қазақ мәдениетінің
қалыптасуы
Көшпенділер
өркениеті
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес,
адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени
кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи
ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің
маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата
қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің
тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де
қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық
қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір
жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп
есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-
көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын
молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-
әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ
ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Көшпенділердің жол
серігі
Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру
құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен
көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне
назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру
арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам
жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан
өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен,
жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен
қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте
маңызды болды. ([2]. — М., 1991. — С. 71, 72). Жылқыны
пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді
игеруге
бағытталған
қадам
еді.
Бұл
әртүрлі
мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине,
бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық
арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Музыка тарихына
шолу
Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте
тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп
жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда
ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі,
көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы
даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-
шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар
болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен"
деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің
садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн
шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет
халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз
осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.
Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған
қала деп аталатын дөңгелек бекіністен
домбыра сияқты екі ішекті аспапта
ойнап отырған адамдардың бейнесі
табылған. Зерттеушілердің ойынша,
бұл домбыраның көне түрі. Академик
В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың
домбырасы мен қырғыздың қобызы
сиякты аспап кем дегенде бүдан екі
мың жыл бүрын пайда болған,
қазақтың
қобызы
осы
күнгі
виолончель,
скрипкалардың
арғы
атасы.
Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай,
қазақ би өнері олі жақсы зерттелдеген. Қазақ
билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен
аталып жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжан қыз",
"Боз іңген", "Сәулем-ай", "Кербез сылқым", "Қос
алқа". Ескі билер қатарына "Алқа қотан", "Ұтыс би",
"Киіз басу", т.б. жатады.
Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-
жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры",
"Тойбастар", т.б. жатады.
Қазақ музыка
өнерінің болмысы
Достарыңызбен бөлісу: |