Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Дəстүрлі жəне техногендік қоғамдардағы ғылым



Pdf көрінісі
бет12/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
Дəстүрлі жəне техногендік қоғамдардағы ғылым
Мəдениетті жабық, автономды, тек өзін меңгеретін жүйе деп айтуға
болмайды, себебі, оның дамуы ішкі жəне сыртқы, мəдениеттану себептермен
негізделеді: экономика, мораль, өнер, құқық, саясат арқылы. Мəдениет пен
ғылым аралығындағы қатынас туралы тақырып жалпы жəне шексіз, оның көп
бөлшекті жағы да бар: ғылым табиғи жəне əлеуметтік өмірдің заңдылықтарын
шығарғанда, оларды меңгеретін қажетті негізіне айналады, сөйтіп, қоғамның
қажеттіліктеріне əсер етіп, адамзатқа өмірлік стратегияны таңдау, мəдени даму


30
жолын іздеуге көмектеседі. Ғылымның осы қызметін атқару қызметі мүмкін тек
негізгі бір себеп арқылы - ғылым мəдениеттің ең жетілген бөлігі болған соң, əлі
бəріне жетпеген түрлермен байланысты.
Ғылымның пайда болуына мəдениеттану негіздер қалыптасқанда ғана,
мəдениет адамзаттың басқа іс-əрекеттерінің нəтижелерімен қоса (мораль, өнер,
дін, техника, экономика т.б.) өзіндік ойлау мəнерін, дүние бейнесін, танымның
қалыптары мен дүниені түсіндіруге ықпал етеді. Мəдениет əрқашанда
ғылымнан объектілердің шынайы (ақиқат) түрін, деңгейін талап етеді.
Осы нəтижесінде ғылым өзіне деген мəдениеттің əсерін сезеді, қоғамда
қалыптасқан мəдени дəстүрге, құндылықтарға, нормаларға арқа сүйейді.
Мəдениет ғылымға тікелей емес, астарлы түрде де əсер ету мүмкін.
Мəдениет пен ғылым арасындағы қатынастың механизмі рельефтік түрде
техногендік (батыс) жəне дəстүрлі (шығыс) өркениеттерді салыстырғанда
айқын.
Батыс өркениеті - бірінші түрде, техногенді өркениет, өзінің бастамасын
ежелгі антика кезеніңде тауып ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Еуропада толық қалыптасып,
содан Солтүстік Америкаға, Австралия мен Японияға көшті. Осы өркениет
үшін табиғаттын байлығы мен күшін меңгеру сипатты: сыртқы əлем адамның
ғылыми-техникалық қызметінің кеңістігі, табиғатты жаулау мен өзгертуі,
құбылыстарды тануда дискурсивтік, логикалық-математикалық жолға негізгі
акцент жасау.
Батыс мəдениетінің профессионалдық жəне басқа аумақтарына «жетістік»
этикасы сипат, «Мен» жəне «Мен еместі» нақты ажырату, тұлғаның
дербестігіне, қайталанбайтындығына назар аудару. Адам биоəлеуметтік жан,
экономикалық жəне техникалық прогресс арқылы хайуандықтан қазіргі
постиндустриалдық деңгейге дейін бірізгілік қозғалыс жасады. Осының бəрі
батыс ғылымының принциптарына, оның бағыттары мен ұстанымдарына əсер
еткен: ақиқатқа жету түрінде жаңалық пен біртуманың құндылығы, техника
мен технологияның ғылыми идеяның материализациясы ретінде даму,
қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары мəңгі өзгерісті деген идея,
жойылмайтын жаңа фактілер мен ескі заңдылықтар арасындағы қайшылықтар,
сол себепті жаңа теориялардың қажеттілігі - осылардың бəрі батыс ғылымның
қазіргі негізгі нормалары.
Жалпы ғылым адамдары үшін, тек техногендік қоғамның адамдары ғана
үшін емес шығармашылық пен дербестіктің мұраты, иілмелі динамикалық
ойлауда сипатты, өзінің ғылыми жəне қарапайым сананың рефлексиялығы мен
бағытында ашық. Батыстың ғылыми ойлауының классикалық түрі бірізгілік,
бірсызықты, бинарлық логикамен негізделген, яғни қайшылықты жəне оның
шешімінің бар екенін мойындамау деген.
Түбінде, батыс ғылымының даму тенденциялары оны постклассикалық
деңгейіне əкелді; яғни, дүниенің ізгіліксіз бейнесіне. Мысалы, плазмадағы
ізгіліксіз толқындар, сұйықтық пен газдағы турбуленттік, үлкен ұжымдардың
мінез-құлықтары т.б.
Сөйтіп, батыс мəдениетінің ғылымының дамуы қоғамдық сананың келесі
типтерінің бір-бірін ауыстыруы, кезеңдерге бөлінеді: магиялық, этникалық,


31
полистік, діндік, ғылыми, қалыптаса келе жатқан, постғылыми. Жаһандау
мəселелерге қарамастан техногендік мəдениеттің болашағы ғылыми-
техникалық жаналықтармен байланысты.
Шығыс мəдениетінің дамуы - ол үнді-буддалық (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.), араб-
исламдық (б.д. VІІ ғ.), қытай-конфуцийшылдық (б.д.д. VІ ғ.) дүниеге
көзқарастар. Келесіде осы мəдениеттерге тəрізді қоғамдар дəстүрлі қоғамдар
деп аталады.
Ежелгі шығыс көзқарастары бойынша əлем түсінігіне келсек, табиғаты
біртұтас, тірі, бір-бірімен байланысты, өзі арқылы жетілген ағза, адам соның бір
бөлігі деген түсінікке негізделген; будда көзқарасында дүние бір түрлі, бəрі бір
деңгейде, əр зат, құбылыс басқа зат пен құбылысқа тəуелді, өзінің жағдайымен
байланысты. Сөйтіп, табиғатты өзгертпей сақтау қажет; мысалы, Қытайда
жетілген Дао (табиғат синонимы), алғашқыда болған, енді жетілмеген келешегі
мен қазіргі жағдайында бар.
Батыстан тыс, өзгеше ғылымның идеалы қалыптасқан. Шығыс
көзқарасында əлем - ғарыш, ал адам соның бөлігі. Шығыс мəдениетінде де
табиғат пен мінез-құлықтарды меңгеру мақсат қойылады. Шығыста адамның
бостандыққа жолы - жаңа жолды іздеу емес, ол бар болмыстан бет бұру.
Өмір қағидасының бірі - əрекетсіздік, дегеніміз іс-əрекетті жоққа келтіру
емес, табиғи жолды бұзбау, адамның органдарының арасындағы жəне
табиғатпен үйлесім ырғағы. Табиғи процестердің жағдайын адам өзінің дұрыс
емес істерімен бұзады. Сөйтіп, Қытай философиясының бағыттарымен
мектептері жалпы жəне ортақ рухани негізден - Дао мəдениетін тамыр қылып
алады, өзі ол ғарыштың гармониялық құрылысы мен өмір мəні, инь жəне ян
ырғағымен сақталады. Олардың ырғағы мен байланысы табиғат пен Ғарыштың,
Əлемнің қозғалыс себебінің өзгерісі.
Сөйтіп, шығыс ойлауында дəстүр мен нақты қалыптасқан үлгілерге мəн
беріп, жаңа білімге ешқандай құңдылық бермейді. Шығыс ғылымы
нақтылықтан абстракциялануға тырыспайды, құбылыс пен, фактілермен жалпы
заңдылық арасында шекара жасамайды. Батыс ғылымында ақиқатты тану ол
жалпылықты білу, ал Шығыста нақты мен жалпының арасындағы тендік пен
үйлесімділікті қажет етеді. Солай, танымның субъектісі мен объектісін қарама-
қарсы қою жоқ. Практикалық ғылым қалыптасқан Шығыста əлеммен бір
болмысты болуды қалайды. Шығыс пен Батыс мəдениеттері өздерінің
айырмашылықтарына қарамай бір-бірімен сұхбатқа тырысады. Осы жағдай
ғылымға да қатысты. Осыған дəлел ғарыш, табиғи, əлеуметтік үрдістер туралы
түсініктерінің нəтижелері. Шығыста ойлаудын ерекшелігі бірізгіліксіздік, ол
жетілгендік пен сұхбаттылықтың көрсеткіші деген ой. Осы тұжырымға қазіргі
ғылым өзінің классикалық емес жəне постклассикалық кезеңдерінде жетті.
Мысалы, үнді философиясындағы адам ағзасының түпкі мүмкіндіктері туралы
білімдер қазіргі медицина мен биологияда жаңа түрде қарастырылып жатыр.
Осы батыс рационализмі мен шығыс данышпандығының интеграциясы. ХХ ғ.
шығыс психомəдениеттерінің (даосизм, буддизм, дзен-буддизм) медиативтік
тəжірибелерін батыс ғылымы пайдаланады (интуитивтік əдісті құбылысты
тануда қолданады). Сөйтіп, үнді физик Б. Бозе, пакистан физигі А. Салам деген


32
жаңа аттар туылды.
Қорыта айтқанда, ХХ ғ. соңында - ХХІ ғ. басында адамзат өмірді сақтау
стратегиясын тандауында шығыстың дəстүрлі нəтижелерімен, техногендік
өркениеттің төнірегінде пайда болған құндылықпен, көзқарас мағыналарымен
келісім түріне жетті. Батыс пен Шығыс арасындағы сұхбат конструктивті жəне
шексіз, солай, адамзат жаһандау мəселерінде шеше алу мүмкін дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет