Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Жалпылау - бұл таным бойынша, объектің белгілерінің, қасиеттері мен қатыстарының жалпы, біріктіретін жақтарын анықтау. Индукция



Pdf көрінісі
бет9/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86
Жалпылау
- бұл таным бойынша, объектің белгілерінің, қасиеттері мен
қатыстарының жалпы, біріктіретін жақтарын анықтау.
Индукция
- бұл таным бойынша, ойлауды нақты ережелер бойынша
жалпы тұжырымға (ережеге, қағидаға) жеткізу.
Дедукция
- бұл таным бойынша, жалпы ережелерден нақты
тұжырымдарды шығару.
Аналогия
- бұл таным, объектілердің нақты қасиеттерін, белгілері мен
қатыстарын жариялау жəне осы арқылы басқа белгілері (қасиеттері мен
қатыстары) туралы болжам ұсыну, сөйтіп, зерттелген объектің салыстырылған
объектіге қарағанда ашылмаған құпия белгілері (қасиеттері мен қатынастары)
бойынша тұжырымдау.
Модельдеу
- бұл зерттеу əдісі бойынша, зерттелетін объектті (шынайы)
ауыстыратын модельді құру жəне зерттеу, сол туралы бағдарламаны
түпнұсқасына да қолдану.
Эмпириялық зерттеу əдістері
: Бақылау - осы зерттеу əдістің негізінде
мақсатқа бағынатын құбылыстар қабылдауы, рационалды білімнен айналып,
осы процесті бағдарлау (не жəне қалай бақылау керек) болады.
Сипаттама
- бұл əдіс негізінде табиғи жəне жасамды тілдер арқылы
бақылау мен экспериментте табылған нəтижелерді бекіту жатыр.
Өлшеу
- бұл əдіс негізінде объектілерді ұқсас белгілер, қасиеттер мен
қатыстарды үлгісі арқылы салыстыру жəне олардың сандық сипаттамаларын
белгілеу жатыр.
Эксперимент
- бұл əдістің негізінде жарияланған жағдайларда,
айналғанда рационалды біліммен жетілген, объектке деген мақсатты ықпал
жатыр.
Теориялық зерттеу əдістері:
Ойлау эксперименті
- бұл зерртеу əдістің негізінде материалдауға
келмейтін образдардың комбинациясы жатыр.
Идеалдау
(мұрат тұту) - бұл зерттеу əдістің негізінде объекттің нақты
болу қажеттіліктерін шығару туралы елестердің ойлау құрылысы жатыр.
Формалдау
- бұл зерттеу əдістің негізінде пəндік аймақ туралы жалпы
таңбалы модельді құрастыру, соның құрылысы мен заңдылықтарын таңбалық
операциялар арқылы айқындау жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет