Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Методология танымның ғылыми əдістері туралы ілімі



Pdf көрінісі
бет5/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Методология танымның ғылыми əдістері туралы ілімі
Қазіргі ғылым туралы теорияның маңызды бөлігі - танымның
философиялық методологиясының мазмұны - яғни осы білім сферасының
принциптерін, негіздерін, норма, ережелері мен əдістердің жүйесін шығару.
Методология болашаққа бағытталған. Ол өзі ғылым тарихы, философия
тарихы, гносеология, аксиология, онтологиямен де тығыз байланыста. Ол
теория мен əдістің екі тұтастығы болады. Əр түрлі ғылымдарда, білім аумағы
мен тəжірибелік объектілерде теориялық жəне методологиялық жағы тығыз
қатыста. Гегель айтқандай: «Əдіс мазмұнның сыртқы түрі емес, ол оның жаны
мен анықтамасы».
Таным əдісі объектке қайта əкеліп, оны терең түсіндіріп, заттардың


17
идеалдық конструкцияларын құрастырып, сөйтіп, онтологиялық түйіндер мен
дүниеге көзқарастық ұстанымдарға тəуелді.
Адам білімі - объектке бет бұрған соң - ол теория, ал субъектке қатысты
болса - ол методология.
Методология дегеніміз білім қалыптастыру процесі - оны адамның-
танушының қызметінің нəтижесі деп түсінеміз. Сөйтіп, олар онтологиялық
тұрғыдан негізделеді.
Теория мен методологияның қайшылығы жоқ, бір-біріне үстемді емес,
теорияның негізінде əдіс жатыр.
Философия нақты ғылымдарға əдістер ұсынады:
1) универсум (əмбебаптық) туралы жалпы концепция, нақтылықтың
жалпы негіздерін жасау;
2) осы нақтылықты танитын жалпы методология - универсалды
(əмбебапты) əдістердің жиыны.
Методологияның тарихи жəне логикалық қалыптасуы келесі кезеңдерден
тұрады:
1) теорияның онтологиялық негіздерін құру (материалдық, идеалдық,
əлеуметтік т.б.);
2) болмыс аумағының идеалдық моделін құрастыру, теорияны шығару;
3) сол объекті зерттеу үшін оның моделін оңтайлы əдіс пен методология
жүйесін негіздеу үшін қолдану; философиялық методологияның мəні болып
табылады;
4) теория мен методологияны нақты өмірді өзгерту үшін қолдану. 1 мен 2
- методологияның базисі; 4 - практикалық қызметі болып табылады.
Негізгі методологиялық қағидалар:
1. Даму қағидасы - бүкіл заттар мен құбылыстардың өзгеруі, дамуы, бір-
біріне көшуі туралы қағида. Осы қағидасы философиялық білімнің шеңберінде
- диалектика ілімін қалыптастырды; өзіндік дамуы өзара жақтарының
қайшылығымен негізделеді. Философия тарихында табиғи жəне əлеуметтік
болмыстың универсалдау қасиетін Гераклит байқаған. Келесі жүйелі
философия осы принципті негізгі түріне айналдырған Г.В.Ф. Гегель.
Даму қағидасы зерттеушіден келесі талаптарды сұраныс етеді:
- процесуалдық немесе тарихи, диалектикалық əдісті қолдану;
- процесуалдық талдау келесі категориялық аппаратты қолданады
(прогресс, функцияландыру, өзгеріс, даму, регресс, эволюция, революция т.б.);
- диалектиканың негізгі заңдылықтарының əсерін игеру;
- даму шеңберінде жалпы мен нақты, мəн мен құбылыс, түр мен мазмұн,
мүмкіндік пен нақтылық, арасындағы қайшылықты ескеру.
2. Детерминизм қағидасы (анықтаймын) - бүкіл əлемдегі процестер,
табиғат пен қоғамның жалпы заңдылыққа, себептілікке негізделетіндігін
анықтау. Теологиялық 
детерминизм (Құдай 
себеп), космологиялық
детерминизм (табиғи процесстердің нақтылығы), кездейсоқтықты жоққа
шығару (индетерминизм).
Детерминистер - Спиноза, Гегель, Маркс; индетерминистер немесе
волюнтаристер - Шопенгауэр, Ницше.


18
Детерминизм қағидасы зерттеушілерді заттардың терең себептеріне назар
аударуға, пайымдауға шақырады.
Қазіргі кезеңде детерминизм принципін қолдану үшін келесі
жағдайларды ескеру қажет:
Қазіргі детерминизм түсінігі Пьер Лапластың (классикалық) түсінігінен
ерекше; кездейсоқтықты ескереді.
Əр аумақтың өзгешелігін ескеру қажет, мысалы, табиғаттағы
детерминизм өзгеше болса, сонша қоғамда да өзгеше болуы мүмкін.
Жүйелі қағида - бүкіл əлем бір-бірімен байланыста тұратын тұтас дүние.
Материалды, əлеуметтік, абстракциялық жүйелер бар.
Осы принципті қолданудағы келесі ескертулер бар:
1) зерттеуге құрылыстық-қызметтік айла;
2) зерттеудің өзін жүйелі түрде ұйымдастыру;
3) типологизациялау, классификациялау деген таным тəсілдерді қолдану.
1. Объективтеу қағидасы - таным процесінде субъект пен объект
арасындағы қатынасты дұрыс түсінуге бейімдейді. Білім мен танылатын
объекттің арасында тепе-тендік бар екендігін ескеру жəне өзіндік
субъективистік пікірден алшақтауды талап етеді.
2. Жанжақты қағида - таным процесінде бүкіл байланыспен, қатынастар
мен заттардың қасиеттерін ескерту қажет.
3. Тəжірибе қағидасы - керек, қандай болу керек деген тұрғыдан таным
процесін өткізу, себебі, таным адамның өзгерту қызметімен, дүниені
шығармашылық себеппен меңгеру деп түсіну. Практиканың көп түрі бар
(ғылыми, музыкалық, медициналық, педагогикалық, рухани т.б.)
Эпистемология эмпириялық бақылау білімінің негізінде құрылады.
Эпистемологияны тану проблемалары қызықтырады, гносеологияға қарағанда,
эпистемология шындық пен шынайы шарттарға негізделген. Эпистемология
міндеті: логикалық анализдеу арқылы ғылыми танымды ашу болып табылады.
Р. Рорти эпистемологияны танудың келесі жолдарын көрсетіп, тану теориясы
ақылды тану мүмкіндігіне сенуге итермелейді деген. ХІХ ғ. аяғында
эпистемология онтология үстінен қарады. Эпистемология ашық түрде,
Г. Башляр айтқандай, теория мен практика, математика мен дəреже арасындағы
өріс болып табылады. Эпистемологияның өрісі - оның феномені бір уақытта
табиғи тану заңдылықтарын меңгеру. Эпистемология осы ғылыми зерттеудің -
шынайы осі. Ол проблемадан репрезентация арқылы нақтылыққа əкеледі, осы
эпистемологиялық білім жүйесіндегі басты міндет. Репрезентация формалды
жəне интуитивті болады. Формалды репрезентация нақты тура зерттеулерге,
терминологиялық мағыналарға негізделеді. Осылайша, формалды жəне
интуитивті 
репрезентациялар 
мынадай 
пəндер 
құрамына 
кіреді,
гносеологиялық
туыстас 
мəселелерден 
ерекшеленетін 
шеңбер.
Репрезентацияның екі түрі универсалды тарихи контексті ұсынады.
Эпистемология сезімнің рационалдыға өтуіне мүмкіндік береді. Бұл жерде
«аналитикалық», «синтетикалық» терминдер көп кездеседі. Р. Рорти айтады,
И. Кант эпистемологияны пəннің негізін қалаушы ретінде қарастырады, оны
«формалды», «құрылымды», «грамматикалық», логикалық сипаттамаларға


19
бөлген. Эпистемологиялық жаңа зерттеулердің проблемалық шеңбері аса кең
ерекшеленеді.
Ғылымдардың зерттеулеріне, эпистемологиялық мəселелердің мəні
мынада:
- «ойлау ұжымының» ішіндегі интеллектуалды коммуникациясы;
- ғылымдағы басқару мəселелері;
- ойлау ұжымындағы сыншылдықтың құлдырау факторлары.
Ғылыми мектептердің бəсекелестігі, эпистемология мəселесінің бірі.
Олар өзіне дəстүрлі эпистемологиялық қайшылықтарды да қосады: мысалы,
«объективизм» мен «релятивизм» арасындағы күрес. Жаңа эпистемология
тиімді анализді тиімсізден қалай ажыратуға болады деген сұраққа жауап
іздейді. Эпистемологияда концептуалды - эмпирикалық, аналитика -
синтетикалық зерттеулерді айыру процесі көп көрінеді. Осындай мəселелерге
бейімделу, бұрылыстарға əкеп тіреді. Бұл трансценталды бұрылыс «болуы
мүмкін бұл жерде субъект үстінде тұрған» механиканың сапасында, немесе
«лингвистикалық бұрылыс», философияның жəне ғылымның демаркациясының
аяқталуын 
қарастырған 
эпистемология 
негізі 
жəне 
негізгі 
емес
тұжырымдамасының зерттеу əрекеттері эпистемологияның басты шарты
«эпистемологияның мəртебелік ерекшелігін» болжау. Біріншіден, ол
байланысқан, ғылыми білімнің басқа білімдерден ерекшеленуі, екіншіден,
ғылыми білім əлеуметін жəне нейтралды құндылықтарға не, тек осыларға ғана
объективті жəне шынайы білімді алуға мүмкіндік береді.
«Ерекше эпистемологиялық мəртебе» шарты эпистема білімді көпке
итермелейді. Бұл мəселені зерттеу амбиваленттік сипаттамада болады. Ол
Р. Мертонның, Т. Кунның, П. Фейербендтың еңбектерінде көрінеді. ХХ ғ.
эпистемология түрлері келесі модельдерді көрсетеді: эволюциялық,
генетикалық, натуралистік, дедуктивтік, кумулятивтік, антропологиялық
эволюциялық эпистемология аналогиямен тірі табиғаттың тану процесін
қарастырады. «Эволюциялық эпистемология» терминін Д. Сэмпбелл зерттеген.
Сонымен, бірге К. Поппер жəне Ст. Тулминде онымен активті зерттеу
жүргізген. Генетикалық эпистемологияның басқарушысы Ж. Пиаже, ол
адамның дамуының төрт кезеңін көрсетті:
1) сенсорлы (2 жасқа дейін);
2) интуитивті (7 жасқа дейін);
3) нақты-операциялық (12 жасқа дейін);
4) формалды-операциялық (15 жасқа дейін).
Натуралистік эпистемология Куайнмен қарастырылған. Ол шынайы
көріністерді зерттейді, адамдарды - физикалық объект ретінде қарастырады.
Бұл 
объектілер 
эксперименталды 
бақылаудан 
өтіп 
зерттелінеді.
Эпистемологиялық проблеманың орталығы, Куайнның ойынша кедей кіріспен
жəне бай шығу арасындағы əрекеті. Эпистемология моделін бейнелеуді Т. Кун
тарихи эволюциялық, М. Полани - антропологиялық тұлға бейне, Дж. Холтон
тематикалық 
түрде 
қарастырған. Гносеология, эпистемология 
жəне
методология қатынастары келесі түрлерге ие. Гносеология, эпистемологияға
қарағанда, таным теория ретінде талқыланады, бүкіл таным процесін


20
толығымен қамтып нəтиже шығарады. Гносеология субъект - объект əрекетінде
маңызы жоқ, бір полюсте ойлау мен танымның бейнелеу объектісі болса,
келесінде бейнелеу субъектісі тұрады. Тану субъектісінің астарында белсенді
қозғалатын индивид немесе топтардың санасымен еркін қамтиды. Объект
астарында шындық фрагменті, əлеуметтік тұрмыс жатады. Гносеология,
адамның таным процесінің əрекетке қатынасын қарастырады. Р. Декарт «таным
субъектің» тану анализі ретінде пайдаланған. И. Кант субъектінің ішкі
ұйымдасуының заңдарын ашуға тырысқан. Ол априорлы жəне апостериорлы
білімдерді тұжырымдаған. Субъект шектелген индивид түрінде болса, объект
тіршілік ететін объективті əлем болады.
Методологияның мақсаты ғылыми жəне əлеуметтік ережелер мен
нормалар, əрекет əдістерін тану болады. Бұл ойлайтын субъектке бағытталган.
Методология теориялық жəне практикалық əрекеттердің ұйымдастыру
тəсілдері мен принциптерінің жүйесі сияқты методологияның екі деңгейі бар:
Біріншісі - құрал. Мұнда ойлау жəне практикалық операциялардың
мазмұны, əрекеті қарастырылады.
Екіншісі - құраушы жаңа мазмұнға ие болған білім жүйесі. Қазіргі кезде,
əдістің объективті жағын, зерттеудің нақты тəсілдерімен салыстырады. Гегель
əдісті субьектінің əрекет ережесінің объективті танымы ретінде таныған.
Мұндай əдістерге Аристотельдің «Органоны», Бэкон мен Декарттың оқу
əдістері, Гегельдің диалектика əдісін жатқызуға болады. Олардың əдістері
көптеген сұрақтарға келіп тірелген «əдіс» термині қаншалықты нақты? «Əдіс»
неге мүмкіндік береді? т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет