Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет74/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86
Жаңашылдық
- материалдық пен рухани аумақтардағы жаңалықтар.
Ғылыми революция - ғылыми білімнің динамикасында ғылымның негізімен
бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі рөль атқарады.
Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің дамуында бір-
неше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркəсіптік,
электротехникалық, электрондық, бағдарлама жəне «жасыл» революциясы.
«Революция» деген ұғымның өзі білімнің əлемінде сапалық тұрғыдан
радикалдық өзгерісті, ғылымның негізінің жаңа құрылымын белгілейді. Келесі
негіздер бойынша ғылыми революцияның төрт типін шығарады: 1) жаңа
фундаменталды теориялық концепциялардың шығуы; 2) жаңа əдістерді
жетілдіру; 3) жаңа зерттеу объектілерін ашу; 4) жаңа методологиялық
бағдарламаларды қалыптастыру.
Ғылымның жүйелік сипаттауының өзгеруі деген, ғылыми-зерттеу
қызметінің стратегиясы мен оның калыптасу қаруы деген ғылыми
революциялар ғылым дамуында бифуркация нүктелері деп саналады. Олар
ғылымның бірсызықты еместігін, даму үздіксіз бірлік негіздері арқылы мүмкін
еместігін, ғылымда үздік пен үздіксіздіктің бір-бірін толтыруы мен дискреттік
пен континуалдықтары айқын. Ғылыми революциялар көпдеңгейлі процесс.
Сол себепте ғылыми революцияның үш типі бар: 1) «мини-революциялар»,
мазмұндық тұрғыдан ерекше ғылымның блоктарына қатысты (мысалы,


195
микрофизика шеңберінде кварктер туралы бейнелер); 2) нақты ғылымды
меңгеретін локалды революциялар; 3) бүкіл ғылымдарға қатысты, жаңа
көзқарасқа əкелетін жаһандық ғылыми революциялар.
Ғылым тарихында келесі революциялар айқын:
1. ХVІІ ғ. классикалық табиғаттануды жаратқан ғылыми революция.
2. Табиғаттануда сол себеппен негізделген ХVІІІ ғ. аяғында - ХІХ ғ.
бірінші жартысында пайда болған өзгерістер - ғылымның пəндік құрылымы -
екінші жаһандық революция деп аталады.
3. Үшінші жаһандық революция ХІХ ғ. екінші жартысында - ХХ ғ.
ортасына дейін классикалық емес табиғаттанудың пайда болуымен басталады;
революциялық өзгерістер əр ғылыми салада кездеседі: физикада (атомның
бөлінуі, релятивтистік пен кванттық теорияның қалыптасуы), космологияда
(ғарыш туралы стационарлы емес концепция), химияда (кванттық химия),
биологияда (генетиканың қалыптасуы), кибернетика мен жүйе теориясы
ғылымның қазіргі бейнесін өзгертті.
4. Ал, қазіргі кезде біз ғылымдағы жаңалықтарды төртінші жаһандық
революциямен теңдейміз, себебі, постнеоклассикалық ғылым қалыптасып
жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет