Реферат тақырыбы: Қ. ЖҰбановтың ОҚыту ұстанымдары. Қ. ЖҰбановтың мектеп грамматикасына қОСҚан үлесі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.11.2023
өлшемі231,72 Kb.
#124885
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Қ.Жұбановтың оқыту ұстанымдары Шүиіншәли А.С.

дамыта оқыту
– жүйелі ойға төселдіру; тіл дамыту – сөзбен суреттеп 
көрсетудің т.б. негізгі бағыт-бағдарымен сәйкес келеді. Осының өзі де тілші-
ғалымның әдістемелік көзқарасы мен жасаған түйіндерінің өміршеңдігін 
дәлелдейді. Профессор-педагогтың педагогикалық мұраларын сөз еткенде 
басты назар аударатын мәселенің тағы бірі – оқу, оқыту үдерісінің сапасын 
арттырудың алғышарты ретінде оны оқулықпен қамтамасыз етудің жолдарын 
қарастыруы, оқулық жасаудың ғылыми негіздерін іс жүзіне асырып, үлгісін 
көрсете білуі. Мектеп оқулықтарын жазуға атсалыса отырып, ғалымның тілді 
меңгертуде оның қоғамдық-әлеуметтік мәніне баса көңіл бөлгенін көреміз. 
Ғалымның тілдің теориясы мен қолданысын қатар игертудің жүйесін танытар 


тың қадамдар жасалған оқулықтарындағы идеялар қазір де өміршеңдігін 
жоймай отыр.Әдіскер-тілшінің педагогикалық мұрасының тағы бір ерекшелігі 
–білім сапасын көтеру мақсатында оқу-әдістемелік кешеннің қажет екенін сол 
кездің өзінде-ақ біліп, оқу құралдары мен әдістемелік құралдарды бірге 
дайындауға ден қоюы. Педагог-ғалым «Қазақ тілінің программасы» (1936), 
«Қазақ тілінің грамматикасы» (1936), «Жаңа грамматиканың жаңалықтары 
жайынан» (1937) т.б. еңбектерінде қазақ тіліне қатысты ғылыми-теориялық 
тұжырымдарын ұсынумен қатар, осы ғылыми ой-тұжырымдарын қалай түсіну 
керек, оларды қандай амал-тәсілдерді қолданып оқыту тиімді, тілдік 
материалдарды игеруге байланысты негізгі ұстанымдар қандай болуы керек 
деген сияқты сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ тілін меңгертудің тұтас 
оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық кешенін дайындап, талдап жазып 
шықты. 
Қ.Жұбановтың лингводидактика ілімімен байланысты ой-пікірлерінде 
оның шынайы маман екенін дәлелдейтін басты көрсеткіш ретінде ғалымның 
психология, педагогика, лингвистика ғылымдарын тең меңгергенін атауға 
болады. Мәселен, ол тілді дұрыс оқыту, білім беру мен оқытудың негізгі 
олардың аражігін ажыратып, әрқайсысына лайықты критерийлерді дәл 
сұрыптап ала білуде деп тұжырымдайды. Осы ретте тілші-ғалым көп 
еңбектерге талдау жасай келіп былай дейді: «Оқушылар мен оқытушыларды 
шырғалаңға 
салғымыз 
келмеді. Сондықтан 
тұрлаусыз мүшелерді 
топтастырғанда, соқырға таяқ ұстатқандай анық критерий беру керек 
болады».Ұстаз-ғалым Қ.Жұбановтың педагогикалық мұрасының басты өзегі –
сапалы да терең білім беру, оның тиімді жолдарын тынбай іздеу, ұғымды әдіс-
тәсілдерді сабақ сайын үзбей бірізділікпен қолдану. «Тілді меңгеру тек 
біржақты емес, тұтас, жүйелі түрде болу керек», – деген ғалым-әдіскердің 
пікірі оның педагогикалық көзқарасын нақтылай түседі. Бұл тұжырым қазіргі 
таңда кең қолданыс тауып отырған оқыту технологиясымен тығыз ұштасып 
жатқаны даусыз. Өйткені инновациялық технологиялардың түпкі мәні де, 
олардың дәстүрлі білім беру жүйесінен өзгешелігі де оның осы бітім 
тұтастығы мен ішкі мазмұн бірлігінің беріктігінен көрінеді. Сондықтан да 
тілдің жүйелілігіне ерекше ден қоюды қалай отырып, ғалымның айрықша сөз 
еткен мәселесінің бірі – технология. Бұл проблеманың соңғы жылдарда 
терминдік тұрғыдан да, мазмұндық-сапалық тұрғыдан да айрықша өзекті 
болып отырғаны барша қауымға аян. Қ.Жұбановтың ойшыл-философиялық 
тұлғасын осы мәселеге қатысты айтылған тұжырымдары нақтылы дәлелдейді. 
Мысалы, ғалым: «Бүгіндегі біз біліп, көріп жүрген тілдердің жетіскен, өте 
игерілген тілдер болушылығы – бүгіндегі еңбек техникасының өркендегенінен 
әр нәрсеге технология көзімен қараушылығымыз», – деп, тілдерді меңгерудегі 
технологияның, яғни еңбек арқылы жинақталған тиімді амал-тәсілдерді 
кешенді қолданудың рөлін жоғары бағалайды. Ал келесі бір пікірінде әдіскер-
ғалым: «Бүгіндегі біздің жазу техникамыз да осы технологияшыл дүниетану 
жемісінің бірі. Жазу үйренгенде біз бірден сөздерді, сөйлемдерді жазып 
үйренбейміз, әрбір дыбысқа өз алдына таңба (әріп) белгілеп, сол таңбаларды 
жазуға, олардың дыбыстық мәндерін айыруға үйретіп аламыз да, содан кейін 


барып қана сол жеке дыбыс белгілерін қостырып, жалғатып, сөз, сөйлем 
құрастырамыз», – дей келіп, технологияны дүниетанымның бір кілті ретінде 
атап көрсетеді. Бұл ойдың өміршеңдігін, шындығын қазіргі XXI ғасырдың 
ғылымы мен ілімінің дамуы дәлелдеп отыр. 
Өзінің «жаңа» грамматикасын жасауда Қ.Жұбанов грек-латын 
мәдениетінен басталып, Еуропаға, орыс жеріне, араб, парсы және түркі тілді 
елдерге тараған грамматикалардың дайын үлгісін пайдаланбайды. Педагогика, 
психология, физиология және философия ғылымдарымен қаруланған, ана 
тілінің жай-жапсарын жақсы білген ол қазақ тілі грамматикасын жазу үшін 
жаңа жол іздейді. Бұл сапарда оның ұстанған бағыты қазақ тілі 
грамматикасының үлгісі мен жүйесін сол тілдің өзіндік ерекшелігінен іздеу 
болған. Ғалым педагогика мен дидактиканың принциптері мен әдіс-тәсілдерін 
іріктей келіп, олардың ішінен нақ қазақ тіліне ғана тиімділерін таңдап алып, 
соларға сай дидактикалық принциптерді белгілейді. Мұның өзі қазақ тілінің 
әдістемесін жүйелеуге қажетті баға жетпес жаңалық болатын. Сондықтан бұл 
грамматика оқулық жасаумен шұғылданушы авторларға, әдіскер-ғалымдарға 
күні бүгінге дейін үлгі-жоба ретінде елеулі пайда тигізе алары хақ. Қ.Жұбанов 
өзінің грамматикасында ғылыми, жүйелі, бірізді, белгіліден белгісізге, 
жеңілден ауырға қарай жетелейтін түсінікті, саналы, берік игерілетін болсын 
деген оқыту принциптерін жүзеге асырмақ болған, индукция-дедукция 
әдістерін шебер пайдаланған. Ал ғалымның өзіне ғана тән ізденгіштік қасиет 
жаңа білімді өткен білімнің үстіне жымдастыра қондыру, бүтіннен бастап 
бөлшекке қарай тереңдету, ұтымды салыстыру, көрнекі баяндау әдістерін 
дүниеге келтіреді. Грамматиканың жүйесі арқылы да ол берілетін білімнің 
жаттанды болмай сапалы, берік болуын, тіл табиғатымен ұштастыра отыруын 
қарастырады. Құдайберген Жұбанов мектеп мұғалімдеріне көмек көрсетуді екі 
түрлі жолмен жүзеге асыру қажет деген, бірі – тікелей мектепке келіп 
көмектесу, екіншісі – хат-хабар арқылы көмектесу немесе аулақтан оқыту. 
Аулақтан оқыту немесе дистанциялық оқыту әдісі – қазіргі заман талабы. 
Дистанциялық оқытудың мынадай мүмкіндіктері бар:
1.Педагогикалық кадрлардың білім дәрежесін көтеру және сырттай 
оқыту жүйесін ұйымдастыру;
2. Әртүрлі мектептердегі, аймақтардағы әр алуан елдердегі ғылыми және 
оқу орталықтарының оқушыларын, мұғалімдерін, студенттерін жан-жақты 
біріккен зерттеу жұмыстарына ұйымдастыру;
3. Білімді өз бетінше меңгеруге көмектеседі.
Әдіскер өз заманындағы педагогикалық ой-пікірден біраз алға кетіп, 
мұғалімнің оқушыға білім беріп қана қоймай, оны тұлғалық жағынан 
қалыптастырушы екендігін де атап көрсетті. Ал оқушыны тұлғалық жағынан 
қалыптастыру мен дамыту қазіргі оқыту технологияларының басты мақсаты 
екені белгілі. Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім 
беру мазмұны жаңарып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге 
келді, дамыта оқыту жүйесі енгізілді. Оның негізгі шарты – оқушының ақыл-
ойын тәрбиелеу, баланы өмірге үңілдіру, оны өз бетімен білімін толықтыра 
алатын дәрежеге жеткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет