Қазақстан Pеспубликасының Бiлiм және ғылым министpлiгi
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ОҚЫТУ ҰСТАНЫМДАРЫ.
Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ МЕКТЕП ГРАММАТИКАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Орындаған: 8D01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығының 1-курс докторанты
Шүиіншәли А.С.
Оқытушы: п.ғ.д., проф. Рахметова Р.С.
Пән: Алаштану және ұлттық білім беру саясаты
Алматы 2022
Профессор Қ.Жұбанов – еліміздің тұңғыш білім ордасы Қазақтың
педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының тұңғыш меңгерушісі
бола отырып, қазақ тілінің жеке-дара ілім болып алғаш оқытылып, зерттеліп,
танылып, қалыптасуына да өз үлесін қосқан ірі тұлға, көрнекті тілші-ғалым,
ұлағатты ұстаз, тәжірибелі әдіскер. Әдіскер-ғалым қазақ тілін жеке ғылым
саласы ретінде оқу жүйесіне ұсына келіп, оны дамытудың, жетілдірудің
жолдары мен бағыттарын белгіледі. Қ.Жұбановтың ғылымдағы зерттеулері,
ғылыми еңбектерінің бастау көзі 1929-1930 жылдардан, яғни ҚазПИ-дің
шаңырағына ғылыми қызметкер болудан бастала келіп, осы қабырғада
ұстаздық, ғылыми, қайраткерлік, ағартушылық, педагогтық, қоғамдық
қызметтерді қатар алып жүруімен ұласады.
Қ.Жұбанов 1932-1937 жылдар аралығында Қазақ КСР Халық ағарту
комиссариатының Ғылым және оқу-методика советінің председателі, оқу
программасы және методика бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, оқу
программаларын жетілдіру, оқулықтардың сапасын арттыру барысында да көп
іс тындырды. Проф. Қ.Жұбанов оқулық-бағдарламаларды өзі ғана жазып
қоймай, басқаларға жаздыруды ұйымдастырып, оларға ақыл-кеңес беріп,
мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарына, семинарларына сабақ беріп, көп
еңбек еткен. Бұл жөнінде республикамыздың оқу-ағарту майданында қыруар
еңбек сіңірген педагог-ғалым Әміржан Сытдықов былай деп жазады:
«Партияның мектеп туралы, оқу программалары мен оқулықтар туралы сол
бірінші бесжылдықтарда қабылданған шешімдері мектептерде қазақ пен орыс
тілін оқытудың социалистік тәрбиелік және білімдік маңызын бұрынғыдан да
арттыра түсті. Осылармен қатар ғылым негіздерінің барлығынан тұңғыш рет
аударма оқулықтарын бастырып шығару қажет болды. Оқу халық
комиссариатына тапсырылған бұл сияқты кезек күттірмейтін толып жатқан
шараларды жүзеге асыруда Қ.Жұбанов аса зор роль атқарды».
Құдайберген Жұбанов әдістеме саласындағы «Қазақ тілінің програмы»
еңбегі 1936 жылы жеке кітапша болып басылды. Жоба ретіндегі ұсынылған
бұл бағдарламалар V, VI, VII сыныптарға арналып жасалған. V сыныпқа
арналған бағдарлама грамматика, емле, тыныс белгілерін, түбірлердің
тарихын және есімдерді оқытуға бағытталған. Оқылатын тақырыптардың
ауқымдылығына қарап, қанша сағатта өтілетіндігі көрсетілген. VI сыныпта
игеруге етістік, есімдік, шылаулар, одағайлар ұсынылған. VII сыныптың
бағдарламасы «Синтаксисті» қамтыған. Аталмыш бағдарламалар кейінгі
оқулықтарға жол сілтегендігімен құнды. Бағдарламаларды жасау кезінде де
Қ.Жұбанов халық ағарту ісіне толайым берілген педагог ретінде де
көрінеді. Өйткені ғалым мұғалімдермен байланысын үзбейтін, олармен хат-
хабар алысып, жолығыса қалса, тереңінен пікірлесіп отырған. Проф.
Қ.Жұбановтың ағартушылық қызметіндегі бір қасиеті – ол тек оқыту ісімен
ғана болып қоймай, сол оқытуды жетілдіру, жақсарту, нұсқау жағына да баса
көңіл аударады. Бұған уездік, губерниялық, республикалық оқу бөлімдеріндегі
инспекторлық міндеті ғана емес, оның ауылдық мұғалімдерге ауызша да, хат
арқылы да кеңес-консультациялар беруі, кейін тіпті «Әдіс бірлестіктері мен
әдіс үйірмелерінде оқу жылының II жартысында талқыланатын әдіс-
программа мәселелері» деген сияқты нақтылы жол-жоба жазуы куә.
Қ.Жұбановтың замандасы, бұрын мұғалім болған Опа Алпанов былай деп
жазады: «...Мен мұғалімдік қызметке ауыстым, ал Құдайберген Ақтөбедегі
губерниялық оқу-ағарту жұмысына шақырылды. Әрине, бұл кездерде оның
уақыты өте аз болатын... Сөйте тұрса да, ол ауыл мұғалімдерінің ақылшысы,
қамқоршысы болды. Анда-санда елден барған біздермен сағына көрісіп,
ауылдағы оқу-ағарту жұмысын көп сұрап, ақыл-кеңес айтатын. Тіпті кейбір
сұрақтарымызға хат арқылы да консультация беріп отыратын еді».
Көрнекті ғалым Мәулен Балақаевтың айтуынша, Қ.Жұбанов
мектептерге арнап оқулық жазуға барынша үлкен жауапкершілікпен қараған,
кездескен сәттерінің бірінде былай деген: «Оқулық жүрдім-бардымның
жұмысы емес, өте жауапты жұмыс. Қазіргі ғылымымыздың түп қазығы сол
оқулық болу керек. Оның ғылыми негіздерін жастар жақсы білу үшін
тіліміздің қалыптасқан заңдылықтарын айқындап алуға тиіспіз. Орыс
оқулықтарынан, одан-бұдан көшірілген ережелер жастардың білім жұмырына
жұқ болмайды». «Қ.Жұбанов оқулық жазуда оқушылардың тек қана тіл
заңдылықтарын біліп қоймай, сонымен қатар, сөз бен сөйлеудің, тіл мен
ойлаудың байланыстарын да танып отыруына назар аударған. Оны біз
автордың «Сөз бөлшектерінің құралуы», «Сөз бұйымы мен сөз материалы»,
«Сөз бұйымының сыр-сипаты мен сөз бұйымының жасалу жолы», «Сөз»,
«Сөйлеу», «Сөз бен ой» деген тақырыпшаларды бергенінен байқаймыз», –деп
жазады Н.Құрманова.
Педагог-ғалымның ағартушылық қызметі мен әдістеме мәселелеріне
қатысты еңбектерін жүйелі түрде тұңғыш рет сөз еткен ғылыми зерттеу
доцент Мүслима Құдайбергенқызы Жұбанованың (1926-2012) «Құдайберген
Жұбанов ұлттық дидактика проблемалары хақында» атты еңбегі. Педагогика
ғылымдарының кандидаты М.Жұбанова тілші-ғалымның дидактикалық
тұжырымдарын қазіргі уақыт сұранысымен байланыстыра келіп, профессор
Қ.Жұбановтың әдістемелік пікірлері мен лингводидактикалық ойларының
құндылығын бүгінгі оқу жүйесімен сабақтастыра жан-жақты дәлелдеген.
М.Жұбанованың еңбегі – ойшыл-ғалымның педагогикалық мұрасын зерттеп-
тануға бағыт-бағдар беретін, тілшінің лингводидактикалық көзқарастарын
саралап көрсеткен, жаңашыл пікірлерін талдап түсіндірген, ана тілін сапалы
оқытуға игі әсер ететін өзіндік ізденістерін баяндап-бағалаған, ғалым
мұрасының тың беттерін ашқан, педагогика іліміне үлес болып қосылатын
еңбек.
Автор 2012 жылы жарық көрген «Ұлттық тәрбие тағылымы» атты
кітабында да ғалым еңбектеріндегі ұлттық тәрбие тарихын тануға жөн
сілтейтін фактілер мен тұжырымдарға ғылыми-танымдық талдау жасайды.
Мысалы, автор «Қ.Жұбановтың «Төңкеріс және қазақ халқының ұлт тілі» атты
еңбегі қазақ қоғамының ұлттық тәрбиеден көздеген: 1) ұрпағына соғыс өнерін
үйрету; 2) елі мен жерін бірігіп қорғау мақсатымен патриоттыққа тәрбиелеу;
3) адамгершілікке тәрбиелеу; 4) қоғам мүшелерін татулыққа тәрбиелеу; 5)
қонақкәде, алтыбақан т.б. өнер сайыстарына үйрету сияқты мақсат-міндетін
ашып береді» дейді. Демек, Қ.Жұбановтың педагогикалық қызметінің,
әдіскерлік дарынының тамыры ұлттық тәрбиеде жатқандығын аңғарамыз.
«Қ.Жұбанов және қазақ тілі пәнін оқыту мәселелері» атты мақаласында
К.Жаманбаева «Құдайберген Жұбановтың жалпы қазақ тіл білімі бойынша
программа мен методика мәселелері бойынша зерттеулерінде келтірілген,
бүгінде ұлт мектептерінің концепциясы мен пән концепциясы үшін маңызы
бар» мынадай бағыттарға тоқталады: біріншіден, ғалым үнемі шын мәніндегі
тіл табиғатын, болмысын танытуға көңіл бөледі; екіншіден, тіл
категорияларын жаттанды оқытпай, тіл табиғатын, болмысын таныта оқытуға,
категорияның сырын түсіндіруге көңіл бөледі; үшіншіден, білімнің бірізділігі,
принциптілігі туралы тұжырымдайды; төртіншіден, білім жүйесін
оқушылардың жас ерекшелігіне сай ұсына білген.
«Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығында балаларға тілдік
құбылыстарды үйретуде профессор Қ.Жұбановтың өзіне тән ерекше әдісі
байқалады. Ғалымның тілді (морфология мен синтаксисті) оқытудағы мұндай
ерекшелігі туралы педагогика ғылымдарының кандидаты Мүслима
Құдайбергенқызы
Жұбанова
былай
деп
ой
толғайды:
«Біздің
топшылауымызша, автордың морфологияны оқытпастан бұрын баланы
сөйлем жүйесінен хабардар етуі оның тағы да сол мағынаны түсінуіне қажетті
білім беруге тиісті дайындық сатысынан өткізіп формализмнен сақтандыру
мақсатынан туған тәрізді. Өйткені морфологиялық тұлғалар мен
қатынастарды өз алдына бөлек түсіндіруге келмейді, олар негізінен сөйлем
ішінде танылады ғой. Сондықтан автор бұл жерде де жасанды схемаға салмай,
тілдің табиғи өз жүйесін сақтап оқытуды көздегені байқалады». Алғашқы
ғылыми оқулықтардың бірі саналатын бұл еңбекте негізінен тілдің табиғатын
таныту көзделсе, екінші жағынан, балаға тілдік ерекшеліктерді екшеп үйрету
міндеті де шынайы қойылған.Ұстаз-ғалым Қ.Жұбанов лингводидактиканың
әдіснамалық негіздерін психология ілімімен тығыз байланыста қарастырады.
Оның
«Сөйлем
дегеніміз бұрын
логика
сөйлеміне, психология
коммуникациясына тура келетін, сөзбен айтылған лебіз болатын (аяқталған
ойды білдіретін сөздер)», «Бір сөздің өзін қандай көңілмен айтуымызға қарай,
әртүрлі сөзбен айта аламыз», – деген ой-тұжырымдары тіл білімінің салалары
мен жеке нысаналарын меңгеру үшін «адамның жанын қарайтын ғылымға»
ден қою керектігіне назар аудартады. Оқу үрдісін оқушының танымы мен
қабілетіне қарай ұйымдастыру жайына барынша мән беруі де әдіскердің
педагогикалық психологияны жетік білгеніне дәлел болады. Мысалы, тілші-
педагог: «Буын жүйесін жақсы білмей тұрып, ана тілі сабағын басқаруға
болмайды...», «Буынды жіктеу, оның формулаларын беру – бастауыш
мектепке ауыр келетін жұмыс. Буынды жүйелі түрде топтастырып айыру
бесінші жылда ғана мүмкін. Соның үшін әзірге мұғалімнің міндеті –
программадағы мөлшерден озбай, буын жайын қате ұқтырмай, дұрыс
түсіндіре, барды бақылата отырып, бірте-бірте жүйелі түрде әкеліп сала білу
керек», – дейді. Осы орайда оқытудың әдіс-тәсілдеріне қатысты пікірлері де
оның оқу үдерісінің түпкі мақсатын дәл анықтап, көре білетін ғалымдық
парасат-пайымын айқындай түседі. Дидактиканың жүйелілік пен сабақтастық
принципі жүйеге келтірілген білімдер негізімен қаруландыру, мұғалім
жұмысының жүйесін, оқушылардың тиісті іс-әрекетін айқындайды. Осыған
орай, қазақ тілінің программасына да, оқу құралына да ана тілі сабағының
емле, грамматика тарауларын оқытуда талап қойылады, оларды «балаларға
түсіндіріп өту керек, әйтпесе ана тілі сабағынан нәтиже шықпақшы емес» деп,
Қ.Жұбанов оқытуда кететін қателік баланың біліміне өмірлік нұқсан
келтіретінін, оның үстіне тіл ілімінің жетілуіне үлкен кесел екенін мұғалімдер
зердесіне салады.
Қ.Жұбановтың
лингводидактикалық
және
әдістемелік
көзқарастарынзерделеп қарағанда ерекше мән беретін басты мәселе ретінде тіл
теориясы мен әдістеме теориясын ұштастыруға мән беріп, ана тілін жетік
білгізу мен сауаттылықты қалыптастырудың алғышарттарын дәл танып,
айтып қана қоймай, сұрыптап түсіндіріп беруі де – ғалымның бұл саланы терең
меңгергенінің дәлелі. Мысалы, ол XX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ
тілді меңгеруде кешендік амал-тәсілдердің ұтымдылығы туралы ой
түйіндейді. Соның ішінде барлық білімді меңгерудің кілтін ұстататын ана
тілін меңгертудің маңызына айрықша тоқталады. Әдіскер-педагог: «Қандай
болмасын ғылым, ең алдымен, адамзатқа пайдалы ілім болу керек. Адамзатқа
қажет ілім тіл арқылы беріледі, сондықтан тілді оқытуға ерекше көңіл бөліну
керек. Тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды...
Әр нәрсенің, әр құбылыстың да әлденеше қыры, сыры, сипаты болмақ. Дұрыс
білім – сол қыры, сыры, сипатының бәрін болмағанмен, барлығын түгел
қамтып болмайды, ұшы-қиыры көп, көбін, негізділерін көрсетіп бере алумен
ғана табылмақ», – дейді. Осы мақсатқа жетудің барынша тиімді әдіс-тәсілдерін
да саралап береді.Әдіскер-ғалым Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тұжырымдарға
зер салсақ, ол ұсынған тиімді әдістердің қатарындатүйінді мәселеге көңіл
аудару, сөзбен суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек процесімен
байланыс, жүйелі ойға төселдіру, оқушының алдына проблема қоя оқыту, бір
пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету т.б. – бүгінгі күннің өзекті
мәселелерімен ұштасып қана қоймай, қазіргі кезде басымдылық беріліп
отырған іздендіре, дамыта оқытудың ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік
негізін қалаған ой-пікірлер болғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қазіргі
оқыту мәселелеріне байланысты қарастырылып жүрген таным процесі –
өмірге үңілдіру; проблеманы оқыту – оқушы алдында проблема қоя оқыту;
пәнаралық байланыс – бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету;
Достарыңызбен бөлісу: |