Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет81/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
білімге деген қызығушылығы; 

 
мәдени және кәсіби деңгейді көтеруге деген ұмтылыс; 

 
зеректік; 

 
жаңа мәліметті меңгеруге деген қажеттілік. 
Мотивация
– субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш. 
Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш – бұл 
қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің 
көрсеткіші. 
Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттың іс-әрекетін тікелей 
негіздейтін 
мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, 
идеалдар.

Мотивация құрылымынан 4 компонентті бөліп алуға болады: 
-
іс-әрекетке қанағаттану; 
-
іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы; 
-
іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш; 
-
жеке басқа еріктен тыс қысым түсіру. 
Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар: 
 
Ынталандырушы мотивтік факторлардың бірінші түрі
(қажеттілік және инстинктер) 
белсенділіктің қайнар көзі болып келеді. Оларға талдау жасау арқылы организм не 
себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады. 
 
Ынталандырушы мотивтік
факторлардың 
екінші түрі
организм белсенділігінің 
бағыттылығын анықтайды. 
 
Ынталандырушы мотивтік
факторлардың 
үшінші түрі
– бұл эмоциялар, сезімдер мен 
бағдарлар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа 
жауап береді. 

Мотивтерді топтастыру 
1.
Өзекті
және 
мүмкін болатын
(потенциалды) мотивтер. Өзекті мотив – жеке тұлғаның 
таңдап алған және шынайы әрекеттердің мотиві. Мүмкін болатын мотив - әрекетті 
ұйымдастыра алатын мотив. 
2.
Даму бойынша
негізгі
және 
қосалқы 
мотивтер. Негізгі мотивтер жеке адам үшін 
маңызды, ол адамның мінез-құлқында көрініс беріп негізгі орын алады. Қосалқы 
мотивтер жеке адаммен тығыз байланыста болмайды. Олар адамда әлсіз дамыған. 
3.
Мағынаны құраушы
және 
ынталандырушы 
мотивтер. Мағынаны құраушы мотивтер іс-
әрекетке жеке тұлғалық мағына береді. Мұндай мотивтер арқылы адам өзінше дүниеге, 
қоршаған адамдарға, қоғамға және өз-өзіне деген қатынасын білдіреді. 
Ынталандырушы мотивтер мағынаны құраушы мотивтермен бірге жүріп, қосымша 
ынталандырушы фактордың рөлін атқарады, олар жағымды және жағымсыз болуы 
мүмкін. 
4. Заттық мазмұны бойынша 
заттық, функционалды
және 
нормативтік
мотивтер болады.
Заттық мотивтер
іс-әрекеттің мақсатты бағытын құрайтын мотивтер. Ол үнемі нәтижені 
көрсетіп отырады (мысалы, үздік оқу). 


49 
Функционалды мотивтер
– іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ соңғы нәтиже көрінбейді 
(мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив соңғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында 
қанағаттандырылады 
Нормативті мотивтер
– кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра 
отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқықтық 
мотивтер жатады. 
5.
Жалпылау деңгейі
бойынша 
жалпыланған
және 
нақты
мотивтер болады. 
Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді. 
Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі. 
6.Саналылық деңгейі бойынша 
саналы түрде қабылданатын
және 
саналы түрде 
қабылданбайтын 
мотивтер. 
Саналы түрде қабылданбайтын мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын 
көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық 
сезіне бермейді, бұл саналы қабылданбайтын мотивтер. 
Г.Розенфельд
мотивацияның үш аспектісін қарастырады: 
құндылық,
мақсаттылық
және 
бағыттылық
. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің топтарын көрсетеді: 
1. Оқу қуаныш сезімі ретінде. 
2. Оқу жеке бас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда). 
3. Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде. 
4. Оқу әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және басқаларға еліктеу). 
5. Күштеудің, күш көрсетудің салдарынан оқу. 
6. Жауапкершілік сезімінен оқу. 
7. Өмірлік тәжірибенің маңыздылығын түсіну негізінде оқу (мамандық, өмірлік мақсат). 
8. Қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар, принциптермен теңестіру) оқу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет