Оқыту – о қу процесіндегі мұғалім іс-әрекеті.
Үйрету – кеңестік психологияда оны жануарларға қолданған.
Үйрену – оқу процесіндегі оқушының іс-әрекеті.
«Үйрену» мен «оқытудың» өзара айырмашылығы бар. Үйрену ұғымы әдетте кең мағынада
қолданылады. Үйрену ұғымының аясына оқытуды да жатқызуға болады. Адам тек қана білім
беру мекемелерінде ғана білім алып, яки оқымайды, ол күнделікті тіршілікте белгілі бір
бұқаралық ақпарат құралдарында берілген материалдардан, тіпті көшеде келе жатып та,
біреумен кездесіп те алынады. Белгілі білім дәрежесіне ие болудың соңғы түрін –
үйрену деп
атайды. Үйренуді оқытудан бөліп алып бөлек сипаттаудың себебі ұғынудың бұл түрі белгілі
нәрсені білейін, соған мақсат қою арқылы жетейін деген емес. Және белгілі бір
мағлұматтарды есте қалдырғанын сол адамның өзі де білмейді. Ал оқыту процесінің
үйренуден айырмашылығы бұл жоспар бойынша ресми түрде ұйымдастырылып, педагогтың
басшылығымен жүзеге асырылуында.
Үйренуді ғылым салаларының қарастыруы: Педагогика – білім беру, тәрбиелеу контексінде қарастырады.
Әлеуметтану – әлеуметтендіру факторы ретінде, дербес және қоғамдық сананың
байланысы ретінде қарастырады.
Биология – онда тұқым қуалаушылық, ортаға, бейімделу, реттелуге қарасты
адаптациялық процесс ретінде қарастырады.
Физиология – нейрогуморальдық механизм, шартты рефлекс өнімі, жоғары нерв
әрекетінің заңдылығы, мидың анализдік-синтездік әрекеті.
Кибернетика – оқыту жүйесіндегі информациялық процесс, ол тура және кері байланыс
каналдарын басқарумен, стратегия, бағдарлама, алгоритмнің өнімі және өзгерісімен
сипатталады.
Психологияда – субъектінің белсенділігі, іс-әрекет, психикалық дамудың факторы. Ол
адам мінез-құлқына жүйелі өзгеріс енгізеді.