Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет69/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96
ПОПУЛЯЦИЯНЫҢ МӨЛШЕРІ
Гендер концентрациясы популяцияның мөлшеріне байланысты 
болады. Популяцияның мөлшері неғұрлым аз болса, гетерозиготалы 
дарақтардың бір-бірімен будандасып, рецессивті гомозиготалы ұрпақ 
беруінің мүмкіндігі соғұрлым мол болады. Керісінше популяцияның 
мөлшері көп болса, рецессивті гомозиготаның болу мүмкіндігі 
азаяды. Аз санды популяцияда сұрыпталу нәтижесінде пайдасыз 
гендер кеміп, пайдалы гендер артып отырады.
1931 жылы Н.П. Дубинин сан жағынан популяцияның өзінде
кейде 
кейбір 
кездейсоқ 
факторлардың 
әсерінен, 
гендер 
концентрациясының 
өзгертетіндігін 
көрсетті. 
Кейіннен 
популяцияның саны артқан сайын ол гендердің мөлшері де арта 
түседі. Бүл құбылысты генетикалық - автоматты процесс немесе 
гендердің дрейфі /шайқалуы/ деп атайды.
ИЗОЛЯЦИЯ
Жалпы түрдің әртүрлі популяциялардан құралатындығы белгілі.
Егер бір популяция дарақтары екінші бір популяция дарақтарымен 
біраз уақыт будандаса алмай қалса, ондай популяция изоляцияға 
/оқшалану/ ұшырайды. Ал мүндай оқшаулану бірнеше буынға 
созылса, онда популяция 
жіктеле бастайды. Болашақта ондай
188


популяция жаңа түр тармағының немесе тіпті түрдің бастамасы бола 
алады.
Түр 
ішіндегі 
популяцияның 
изоляциясы 
(оқшаулануы) 
географиялық (тау немесе өзен, көлдердің пайда болуы), экологиялық 
және биологиялық факторлардың әсерінен болады.
Геологиялық өзгерістерге байланысты болатын оқшаулану 
географиялық изоляция деп аталады. Экологиялық факторларға 
территориялық-климаттық, микроклиматтық, маусымдық-юіиматтық 
т.б. өзгерістер жатады, олар бір түрге жататын организмдердің бір- 
бірімен будандасуына бөгет жасауы мүмкін. Мысалы, теңізде 
тіршілік ететін балықтар көбею кезінде, яғни уылдырық шашарда 
өзендерге 
шығады. 
Сонда 
эрбір 
өзеннің 
өзіне 
тән 
ерекше 
популяциясы қалыптасады.
Биологиялық изоляцияға генетикалық және физиологиялық 
факторлар жатады. Гнетикалық факторға көбінесе мейоз процесінің 
өзгеруі 
нәтижесінде 
пайда 
болатын 
полиплоидия 
немесе 
хромосомдық өзгерістер жатады. 
Бүдан дарақтардың еркін 
будандасуына кедергі келеді, соған байланысты гендер бір-бірімен 
комбинациялана алмайды.
Физиологиялық факторларға жануарларда болатын шартты 
рефлекстің 
өзі изоляция тудыра алатындығын айтуға болады. 
Мысалы, кейбір жануарлар мен жәндіктер жұптасқанда бірін - бірі 
таңдайды.
Сонымен популяцияның генетикалық құрылымына эсер ететін 
жоғарыда 
көрсетілген 
факторларға 
байланысты 
генетикалық 
динамика, яғни микроэволюция процесі жүріп отырады.
189




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет