D) Жабық мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады
, E)
Баланың өз бетімен дамуына тыйым салады
4. Төменгі пікірлердің дұрысын таңдаңыз. A)
Вундеркиндтер әзірше ел үмітін ақтай алмай отыр.
B)
тест тапсырарда бала ата-анасының қалауына сүйенбейді
C)
Арнайы жобаны іске асыру - Жапон елінің өркендеуіне ықпал етті.
D)
Дарынды балалармен жұмыс жасау көп қаражатты керек етпейді.
E)
Израиль дамуы жетілмей қалған балаларға ғана көп қаражат жұмсайды.
5. Мәтін мазмұны бойынша «Алтын басты балалар» дегендер кімдер? A) Ақыл-ойы баяу дамитын балалар
B) Қарапайым балалар
C) Ерекше дарынды балалар
D) Үлгерімі төмен оқушылар
E) Үлгерімі орташа балалар
6. Тұжырымдардың дұрысы:1.Израиль мемлекетінде жабық мектептер жоқ- 2.Израильде 15000-дай бала арнайы бағдарламамен оқиды.3.Жапондықтар мен ағылшындар «Алтын басты» балалар мемлекетке тек шығын әкеледі деп есептейді. A) Тек үшіншісі
B) Тек екіншісі
C) Бірінші мен екіншісі
D) Тек біріншісі
E) Екінші мен үшіншісі
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Күзгі жеміс жинау кезеңі -
әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбіндс асығыс-
үсігіс жеміс жинап жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап, іштей елжіреп, нұрланып,
рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып кететін еді, Маған әкем өзінің өмірін, күш-
қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты
жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін.
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан
шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки таңдыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап
немесе құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі қыруар
шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін.
Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдсм сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз
үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы -
әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын да алмайтын. «Еңбегіңіз ғой, алыңыз» деп
коймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы
білетін ауылдастары мұндайда: «Бізден қайтпаса, құдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз
айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын.
Бір жолы әкем үйге ете кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел
бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем
қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі:
Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз калай? -
деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына
сұрақпен жауап берді:
Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген
малдан қандай айырмамыз болмақ?
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған
күлімсірей қарады.
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп
аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде
ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалғап көршісінің
тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер
ауылда әлі де бар екен.