Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет274/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

3-
 
Мәтін 
Бақытсыз бай 


233 
Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да – жинаған мал-мүлкі мен ақшасы 
еді. Соларды баладай мәпелеп күтті. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп, оның үйін 
айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны 
т.ннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. 
Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: «Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне 
барып мәз болып жатыр,» - деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп 
барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен. 
-
Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балалрыңды ойнатамын деп 
шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды. 
-
Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп 
қалам, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы. 
-
Нағыз ақымақ екен! – деп, үйден атып шыққан бай енді: «Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол 
ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,» - деп күдігінен арыла 
алмай-ақ қойды. 
Екінші күні жалшысы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне 
қайтты. бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша 
мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір 
теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын 
көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес. 
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрінді. 
Бай ақыры: 
-
Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді 
жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. 
Сонда жалшысы: 
-
Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың. 
Менің байлығым – екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. 
Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп 
тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді. 
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. «Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен 
сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым 
ауырып кетті». 
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан 
екі баласына қызыға қарап қалды... 
7.
Кедейдің тілегі 
А) Мол байлыққа жолықтыр 
В) Жақсы жұмыс бер 
С) Өміріме жеңілдік бер 
8.
Байдың бақытсыздығының себебі 
D) Бар байлығымнан айырма 
Е) Байдың құлдығынан құтқар 
А) Отбасының жоқтығы 
В) Кедейдің тілегі 
9.
Жалшының бақыты 
А) Жұмысы 
В) Қазынасы 
10.
Әңгіменің түйіні 
С) Байлығының молдығы 
D) Жинаған мүлкі 
С) Ақшасы 
D) Байлығы 
Е) Кедейдің еңбегі 
Е) Балалары 
А) Қайырсыз байдан қайнатқан су артық 
В) Байға құл болғаншы, байғұсқа ұл бол 
С) Бай байға құяды, сай сайға құяды 
11.
Байға күдік тудырған нәрсе 
D) Жаңа бай мақтаншақ келер 
Е) Балалы үй – базар 
А) Көңілді күлкі 
В) Сылдырлаған күміс 
12.
Байдың бойындағы қасиет 
С) Шықырлаған ақша 
D)
Кедей балалары 
Е) Кедейдің сөзі 


234 
А) Еңбекқорлық 
В)Тәкаппарлық 
С) Қызғаншақтық 
D)
Адалдық 
Е) Мақтаншақтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет