Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет275/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

4-
 
мәтін 
1.
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз 
тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, 
мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі 
ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне 
сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан 
әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу 
өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. 
Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі 
жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек. 
2.
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан көтеріліпті. 
Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, 
қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа 
хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. 
Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында 
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай 
ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. 
3.
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана 
емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ 
Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан, 
Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан 
Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары. 
4.
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді 
болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан 
ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің 
санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара 
жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде 
мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының 
конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі 
қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін 
дәлелдеді. 
5.
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» 
стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! 
Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан 
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. 
13.
Қозыбасы атауының түп мағынасы 
А) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек 
В) Қозының жайылым орнын білдірсе керек 
С) Қозы өрбіткен жер болса керек 
14.
Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз 
А) Ұят – өлімнен күшті 
В) Хан екі айтса, қадірі кетеді, 
Қараша екі айтса, ары кетеді 
С) Көргені жақсы көш бастар 
D) Хан қарашасыз болмас, 
D)
Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе 
керек 
E)
Қозы көш жерден көрінгендіктен 
Дау арашасыз болмас 
E) Ел ерімен, ер елімен мықты 


235 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет