290
жігітті бір көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен
сыр жатқан жігіт
болып шықты. Кезінде біраз елдің құлағына ілінген Актөбе
облысынан шыққан вундеркинд
бала осы екен. Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік.
-
Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді,
үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса,
мен бәрін де
бірден қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты
зуылдатып оқи бастаған
екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені.
Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді.
Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: