- Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді.
Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан.
- Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.
- Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар.
- Е, неге, біз де жол тауып алайық та.
- Гүлдер ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы
тарайды. Ал гүлдің ұшқаны - өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында
жаншылып жатады.
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау
айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.
Жұлдыздар төніп,
Қадала жерге қарайды.
Жарығын төгіп,
Бақытқа соны балайды.
Үмітке теліп,
Телміртіп тұрды талайды.
Алайда гүлдер қызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес.
7. Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел
A)
Жақсы сөз - жарым ырыс
B)
Арманның үлкен, кішісі болмайды
C)
Жол мұраты - жету
D)
Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді
E)
Таң атпаймын десе, күн қоймайды
8. Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді?
A)
Қайрат-жігері
B)
Мақсатшылдығы
C)
Даукестігі
9. Мәтіннің стилі
A)
Көркем әдебиет
B)
Публицистикалық
C)
Ғылыми
10. Мәтіннін тақырыбына лайық атау
D)
Талапшылдығы
E)
Арманшылдығы
D)
Ресми іс кағаздар
E)
Ауызекі сөйлеу
319
A)
Қызғаншақ құмырсқа
B)
Арманшыл гүлдер
C)
Орындалған арман