Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет361/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

3-
 
мәтін 
1.
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір- бірімен сауда байланысын 
жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, 
алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы 
аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен 
алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды 
байланыстырған орталықтар - базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. 
2.
Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, 
көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Eypoпa мен Азияны 
біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған. 
Мысалы, «лазурит», «нефрит» жэне «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» — Мысыр, Иран, 
Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте 
кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай- 
шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі 
гауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы 
елдерге таралған. 
3.
Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас. Себебі ол бүкіл 
Eypoпa мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы 
халықтарды біріктіреді. Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны 
қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай 
аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себен болды. Сонау 
Eypoпa мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. 
Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, 


332 
діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті. 
4.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазакстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань 
тауының етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың 
ендігі бір бөлігі Яксарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары 
қарай Қарагеңіз маңы, Византия мен Батыс Eypoпa жерлеріне дейін созылып жатыр. Негізі
күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға 
қарай жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Испиджап, Отырар, Түркістан, Тараз, 
Сауран, Саудакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек 
жолынын тигізген әсері зор. 
Жібек жолындағы тарихи қала - Йасы, ол кейіннен Түркістан атанған. Ол да сол кездердегідей 
негізінен саз балшықтан кұйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік 
күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Йассауидің кесене ғимараты - бүкіл Орта Азиядағы 
сәулет өнерінің керемет үлгісі. Йасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген: қолөнері мен ауыл 
шаруашылығы қатар дамыған. 
13.
Лазуритті аса жоғары бағалаған елдердің бірі 
A)
Қытай 
B)
Византия 
C)
Ирак 
D)
Мысыр 
E)
Монголия 
14.
Ұлы Жібек жолы тарихындағы қазіргі қала 
A)
Бозоқ 
B)
Сарайшық 
C)
Түркістан 
D)
Отырар 
E)
Саудакент 
15.
Жолдың атауына негіз болған зат 
A)
Аң терілері 
B)
Қытай фарфоры 
C)
Асыл тастар 
D)
Жібек мата 
E)
Інжу-маржандар 
16.
Мәтіннің 3-азатжолына қандай тұжырым сәйкес келеді? 
A)
Йасы қаласы VII ғасырда өте дамыған қалалардың біріне айналды. 
B)
Ұлы Жібек жолы Eypoпa мен Азия елдерінің қарым-қатынас жасау мүмкіндігін туғызды 
C)
Ежелгі Қазақстан қалалары да Ұлы Жібек жолының бойында жатты. 
D)
Көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар -жәрмеңке, сауда жолдары 
ашылды. 
E)
Адамдардың тауар алмасу қажеттілігінен базарлар пайда болды. 
17.
Бесінші азатжолда сөз болатын өнер түрі 
A)
Жазушылық 
B)
Сәулет өнері 
C)
Музыка 
D)
Сурет 
E)
Поэзия 
18.
Аңдардың бағалы терісін тасымалдаған жолдың атауы 
A)
«Нефрит жолы» 
B)
«Лазурит жолы» 
C)
«Гауһар жолы» 
D)
«Алтын жолы» 
E)
«Құндыз жолы» 
19.
«Нефрит» жолымен тасымалданған басты зат 
A)
Аң терісі 
B)
Алтын 
C)
Гayhap тас 
D)
Лазурит 
E)
Күміс 
20.
Қазақстанның ірі қалалары арқылы өтетін Жібек жолының бір тармағы қайда апарған? 
A)
Тянь-Шань тауына 
B)
Қара теңіз маңына 
C)
Мысыр мен Иранға 
D)
Византия мен Батыс Еуропаға 
E)
Алтай мен Моңғолияға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет