214
Мультимедиялық презентацияларды пайдалану ата-аналар жиналысын, дөңгелек
үстелді эмоционалды түрде әсерлі, тартымды етуге мүмкіндік береді, бұл ата-аналардың
қызығушылығын тудырады.
Сонымен қатар, дизайн, жаңа презентациялар, бейнефильмдер жасау барысында
педагогтың шығармашылық қабілеттері дамиды және жетілдіріледі, оның кәсіби және
ақпараттық құзыреттілік деңгейі артады. Тәрбиешінің тәрбиеленушілердің отбасыларымен
қарым-қатынасты әртараптандыруға, ата-аналар жиналысын одан да қызықты және
танымдық етуге деген ұмтылысы оларды қарым-қатынастың, өзара түсіністіктің жаңа
кезеңіне шығарады.
АКТ қолдану қарым-қатынасты әртараптандыруға, ересектердің бала тәрбиесі туралы
пайдалы ақпарат алуға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жас
отбасыларға арнайы балалардың денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігі, баланың
отбасындағы және қоғамдағы мінез-құлық ережелері, мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу-білім беру бойынша пайдалы кеңестер және т. б. туралы ақпарат беріледі.
Ата-аналар үшін IT-технологиялары арқылы балаларының МДҰ тәрбиелеу-білім беру
процесі туралы ақпарат пен психологиялық-педагогикалық қолдау алуы өте қолайлы.
Мерекелік
іс-шаралар,
ұйымдастырылған
іс-әрекеттер
туралы
жалпы
ақпарат
балабақшамыздың инстаграм парақшасына салынып тұрады. Ата-аналар сол арқылы
балабақшаның жұмысымен таныс болады.
Сонымен МДҰ ата - аналармен өзара әрекеттесуде IT-технологияларын пайдаланудың
мүмкіндіктері келесідей:
- бұл-коммуникация субъектілерінің ақпаратына қол жеткізу уақытын азайту;
- кез келген құжаттарды, фотоматериалдарды көрсету мүмкіндігі; ақпарат көлемінің өсуі;
- ақпаратты жедел алу.
IT-технологиялары арқылы өзара әрекеттесу бұл маңызды педагогикалық мәселелерді
шешуге көмектесетін заманауи тиімді форма. Оны енгізу ата-аналардың тәрбиелеу-білім
беру процесінде белсенділігін арттыруға, олардың мақсаттары мен мүмкіндіктерін білу
деңгейін арттыруға, тәрбиешілер мен балалардың тұлғалық-бағдарланған өзара іс-әрекетін
жасауға мүмкіндік береді. IT-технологиялары арқылы өзара әрекеттесу ата-аналарға
ғаламтор желісі арқылы кез-келген уақытта-үйде, демалыста немесе жұмыста,
компьютерден, ноутбуктен немесе ұялы телефоннан кіріп кері байланыс орнатуға мүмкіндік
береді.
Қорыта келгенде мектепке дейінгі білім беру мекемесінде IT-технологияларды тиімді
пайдалану ата-аналарға кез келген уақытта ақпарат алуға мүмкіндік береді; баланы
тәрбиелеу-білім беру мәселелерінде балабақша мен отбасының өзара іс-әрекетінің
тиімділігіне әсер етеді; ата-аналардың мекемедегі білім беру қызметтерінің сапасы туралы
хабардар болуын жетілдірдіреді; тәрбиелеу-білім беру процесіне қатысушылардың
серіктестік қарым-қатынас құруы үшін жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: