259
Мектеп жасына дейінгі балалардың көрнекі-бейнелі ойлауын ескере отырып, өте
маңызды материалды қабылдауға және жақсы есте сақтауға ықпал ететін көрнекілікті
қамтамасыз етеді. Бұған есте сақтаудың үш түрі кіреді: көру, есту, қозғалыс.
Слайд-шоу мен бейнеклиптер қоршаған ортадағы сәттерді көрсетуге мүмкіндік береді,
ал дәстүрлі оқытуда оларды бақылау қиынға соғады: мысалы, гүлдің өсуі, планеталардың
Күн айналасында айналуы, толқындардың қозғалысы, жаңбыр жаууы т.б. Сондай-ақ
күнделікті өмірде көрсету мүмкін емес табиғат құбылыстарын имитациялауға болады
(мысалы, табиғат дыбыстарын жаңғырту; көлік жұмысы және т.б.).
Ақпараттық технологияларды пайдалану балаларды ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне,
соның ішінде интернетте өздігінен немесе ата-аналарымен бірге іздеуге ынталандырады;
Достарыңызбен бөлісу: