15
сөйлеу тілінің коммуникативтік бағыттылығының болмауы немесе
төмендеуі, сөйлеуді аутостимуляция құралы ретінде пайдалану: бір
өлеңдерді, аффективті сөздер мен сөз тіркестерін, жеке анық сөз тіркестерін
стереотипті түрде қайталау;
сөйлеу тілін белсенді пайдалану қиындықтарының болуы:
эхолалиялар, сөйлеу стереотиптері мен штамптар, есімдіктерді дұрыс
пайдаланбау, диалогқа қатыспау және өз ойын жеткізе алмау, айтылған
сөздерді түсінудегі қиындықтар;
сөйлеу тілі просодикасының бұзылуы: өзіндік интонациясы бар
сөйлеу тілі
тілдік дарындылық көріністері: неологизмдер, мағынасы күрделі
сөздер
[3].
Үшінші
топ:
ерте жастан және сөйлеу тілінің жоғары дамуы, сөздік қорының
байлығы, күрделі сөз тіркестер мен сөйлемдердің болуы;
ересек адамдардың сөздерін, штамптар мен цитаталарды өзгермеген
түрде қолдану;
монологтардың болуы, бірақ диалогқа түсудегі қиындықтар (жеке
сұраққа жауап бере алады, бірақ диалогқа түсу қиын немесе мүмкін емес);
сезімдерін, мұқтаждықтарын, ниеттерін және әсерлерін білдіре алмау;
сөйлеу ырғағы мен дыбысталуының бұзылуы: сөйлеу тілі жылдам,
анық емес, бірсарынды, интонациялық кідіріссіз, дыбыстар мен сөз
бөліктерін "жұтып қою"
[3].
Төртінші топ:
сөздерді қабылдау қиындықтарының болуы: баяу түсіну, толық
сөйлемдерді нашар түсіну;
контекстік сөйлеуді түсіну қиындықтарының болуы;
қарым
-
қатынас
барысында
сөйлеуді белсенді және орынды
пайдалануды білмеу;
сөйлеу тілінің бұзылыстары: сөйлеу тілі анық емес, дислалиялы,
лексикалық кедей және грамматикалық дұрыс емес
[3].
Логопед
-
мұғалімнің АСА балаларды тексеру рәсімінің бағыттары мен
мазмұны 3
-
кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: