9
Осы топтың
балалары белгісіздікке, қауіп
-
қатерге
төтеп бере алмайды,
оларға жетістікке жетуге толық кепілдік керек. Мұндай бала үшін әрдайым
табысқа жету маңызды, ал қалыпты жағдайда баланың өзін
-
өзі
бағалауы
сәттілік пен сәтсіздіктің тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Бұл топтағы балаларда зерттеуге, түрлі жағдаяттармен кездесуге деген
қабілеттері
өте
аз, олар тек өздері шеше алатын міндеттерді ғана
қабылдайды
.
Балалар үшін адамдармен шынайы байланысқа түсу қиын болғанымен,
олар монологқа қабілетті болады. Олардың сөйлеу тілі анық және ересек
адамдарша болуы мүмкін, өйткені ол грамматикалық дұрыс құрылған, жақсы
сөздік қорынан тұрады.
Үшінші
топтағы балалардың зиятының дамуы жиі жақсы әсер
қалдырады.
Балалар
ақпаратты
ретімен
қалыптастырудан,
оны
жүйелендіруден ләззат алады, бірақ бұл қызығушылықтары мен ақыл
-
ой
әрекеттері
де стереотипті және олар үшін аутостимуляцияның түрі болып
есептеледі
[7].
Бұл топтың балаларына
моторлы сфераның біршама дамымауы тән, олар
ебедейсіз болады, өзіне
-
өзі
қызмет
көрсету дағдылары қиын қалыптасады,
бұл зияты мен сөйлеу тілінің дамуындағы оң нәтижелерге қарама
-
қарсы
ерекшеліктер болып табылады. Әлеуметтік дағдылардың дамуының, берілген
нұсқаулықтарды түсіну мен талдаудың қарапайым бұзылуы байқалады.
Адамдармен қарым
-
қатынасқа
түсіп, достасуға ұмтылғанымен, оларды түсіну
қиынға
соғады.
Достарыңызбен бөлісу: