З. А. Абдрахманов А. Ш. Смаилова



Pdf көрінісі
бет64/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,47 Mb.
#125818
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Байланысты:
Abdrahmanov (2)

2 - міндет.
Тура жүгіру техникасын үйрету. 
Бұл әдіс алдымен жүгіруді кӛрсетуден, содан кейін 
техниканың жекелеген элементтерінің дұрыс орындалуына 
жағдай жасалады. 
Алдымен ақырын темпте, содан кейін үйрене келе
жылдамдықты арттыра жүгіру - оқытудың ең басты тәсілі 
болып саналады. 
Жүгірудің техникасын үйрету барысында жаттықтырушы 
мынадай басты талаптарды есте сақтауы тиіс: 
-
тура бағыт; 
-
сермелетін аяқ санының алға қарай қозғалуымен бірге 
итерілетін аяқтың толық түзелуі; 
-
вертикаль кезінде жіліншіктің сермейтін аяқты орауы; 
-
қолдың бос және батыл жұмысы; 
-
кеуде мен бастың тура қалпы; 
-
табанды алдыңғы бӛліктен жерге жылдам және жұмсақ 
қою қалпы. 
3 - міндет. 
Бұрылыс арқылы жүгіру техникасы. 
Бұл техниканы меңгеру кезінде стадионның жүгіру 
жолында радиусы 20-10 м шеңбер бойынша әртүрлі 
жылдамдықтағы жүгірістер қолданылады. Оқыту барысында 
вираж арқылы дененің бұрылысқа қарай еңкеюін және бұрылыс 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


119 
жақтағы емес қолдың кеңірек және кӛбірек, яғни денеге 
кӛлденең жұмыс істегенін қадағалау қажет. Кеуденің шеңбердің 
ішіне еңкеюі жүгірістің жылдамдығына және бұрылыстың 
тіктігіне байланысты. Аяқ табанын бұрылысқа қарай ұшымен 
бұрған жӛн. Әрі ішке қарай бұрылыс жақтағы аяқ емес, екінші 
аяқ кӛбірек бұрылады. Бұрылыстан кейін тура жүгіру кезінде 
жылдамдықты сақтап, еркін кең құлашты, адымды жүгіріске 
назар аударған дұрыс. 
Бұл әдістің жетістігі кӛбінесе жаттығушылардың тура 
жүгіруді қалай меңгергендеріне байланысты. Егер вираж арқылы 
жүгірген қиын түсіп жатса, онда тура жүгіру жаттығуларына 
оралған дұрыс. 
4-міндет. 
Жоғарыстарт және старттық шапшаңдық 
техникасын үйрету.
Жоғары старт техникасын үйрету берілген жүгіруді 
кӛрсетуінен басталады. Кейін жүгірушіге «Сӛреге!», «Марш!» 
командасы кезіндегі негізгі тұрысы және старттық 
ұмтылысының ерекшеліктерін үйретеді.. Жаттығушылар тобына 
бірден старттық тұрысты оқып алған дұрыс. «Сӛреге!» 
командасы бойынша жаттығушылар бір немесе бірнеше қатарға 
тұрып, старттың басты дене тұрысын сақтайды. Оқытушы 
барлық жаттығушыларды қарап шығып, қажет болған жағдайда 
оларды 
дұрыстайды. 
«Сӛреге!» 
командасы 
бойынша 
жаттығушылар белгілі бір бӛлікті жүгіріп, қайта келеді. 
Үйренудің алғашқы кезеңінде жаңа бастап жүрген спортшылар 
тұрақты дене қалпын сақтап үлгеру және уақытылы ыңғайлы 
қалыпта белгі арқылы жүгіруді бастау үшін алдыңғы және 
орындалған командалардың арасындағы кідірісті созуға болады. 
Кейін бұл кідіріс қысқартылады . 
Сӛреден шығу және сӛрелік шапшаңдыққа үйрету 
барысында алдымен жаттығушылар жеке-жеке жарысады. 
Оқытушы 
қашықтыққа 
жүгіруге 
кӛшкенде 
қолдардың 
жұмысына, белсенді итерілуіне, еңкеюдің сақталуына және 
кеуденің дер кезінде тіктелуіне назар аударады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет