Әдеби KZ маңына қазақтың Қаптағай, Бөрібай, Қарақожа секілді ерлігі үшін әр ру аттарын
ұран ғып көтерген аңғал батырлардан көрі, өзі тәрізді, дәулеті шалқыған сұлтан,
әмір, хакімдерді жинайтын.
Әбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса, болғаны. Ал, тіл табу үшін хан
қандай тәсіл қолданса да, Жәнібек пен Керей көнбей-ақ қойған. Бұл сұлтандар
күннен-күнге араларын ханнан алыстатып бара жатқан. Арғын мен Қыпшақтың да
қазір екі бөлінуінің түп себебі де осы екеуінің хан Ордасына деген ала көздігінен
туған.
Ел билеу! Бұл — мансапқор жанның ұлы тілегі. Кенет Әбілқайырдың есіне
Шыңғыстың ел билеу жөнінде балаларына айтыпты-мыс деген қағидасы түсті. Ұлы
хан жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп, төрт баласына беріпті. Сол мәжілісте
әкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы Жошы: «Ұлы мәртебелі, әлем әміршісі, хан
қандай болу керек?» — деп сұрапты. Шыңғыс: «Хан халқының көңілін табу үшін
ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы керек», — деп жауап
беріпті.
Шыңғыстың екінші баласы Жағатай: «Ханды қайткенде халқы сыйлайды?» —
деп сұрапты. Шыңғысхан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе», — деп жауап
беріпті.
Шыңғысханның үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспейді?» —
деп сұрапты. Шыңғысхан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей
адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады», — деп жауап беріпті.
Шыңғыстың төртінші баласы Төле: «Қандай хан абыройлы болады?» — деп
сұрапты. Шыңғысхан: «Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алар хан
әрқашанда абыройлы болады», — деп жауап береді.
Шыңғысханның осы төрт ақылын алған төрт баласы өле-өлгенше абыройлы
хан болып өтіпті-міс.
Әбілқайыр да осы төрт өсиетке бас иген адам. Сондықтан да ол маңайына тек
Сайбан ұрпағы емес, Шыңғысханның өзге балаларының да, Жошының өзге