Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет10/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Әбілқайыр қабағы қарс жабылып кетті. Оның сұлу мұртты ағайраң түрінде бір 
орасан қобалжу сезілді. Ханның бүйтіп жан-жағына үрке қарап, көңіл күйінің 
өзгере қалуының аужайы көп еді. 
Қос қолы қызыл қанға боялғанына қарамай, он жеті жасар Әбілқайырды азулы 
тілектестері Дәшті Қыпшаққа хан етіп ақ кигізге көтерді. Бақ құсы басына қонып
ақ түйенің қарны жарылды. Бірақ адамның бағы көтерілген сайын, жауы да 
көбейеді. Бұған Жошының өзге ұрпақтарының арасындағы көкіректерін ежелден 
жегідей жеп келе жатқан бақ күндестік, ел билеуліктен туған талас кеселдерінен 
басқа бөтен де себептер қосылған. 
Біз әңгіме етіп отырған бір мың төрт жүз елу алтыншы жылы осы талас жарға 
тіреліп тасығалы тұрған өзендей шеңберіне әбден жеткен кезі еді. Әбілқайырдың 
сескенетін жауы екеу: бірі — Орыс ханнан туған Құйыршық ханның баласы Барақ 
ұлы Жәнібек пен оның үш аталас туысы Керей. Екіншісі өзінің аталасы Мақмүдек 
ханнан туған Ходжа Мұхамед ханның баласы Абақ. Бұл да құр сұлтан емес, Алтын 
Орда мен Ақ Ордаға ие болған хан тұқымдары. Әсіресе Орыс ханның ұрпақтары 
қауіпті. Жәнібек пен Керейдің құр өздері ғана емес, арттарында әрқайсысы бір 
түменге қолбасшы бола алар қасқырдың бөлтірігіндей сегізден ұлдары тұр. 
Әсіресе жас болса да Жәнібектің ұлы Қасымның, Керейдің баласы Бұрындықтың 
аяқ алыстары бөлек. Бұлары да ештеңе емес, Жәнібек пен Керейден сескенер 
басқа да қаупі бар. Көк Орда тірегі, Әбілқайырдың оң қолы Қыпшақ болса
Жәнібек пен Керейдің сүйенері Арғын. Арғын жүрген жерде Қоңырат, Найман, 
Керей, Уақ, Тарақты да үзеңгілесе кетеді. 
Ал, ақиқатына келсек жанжал түбі әріде жатыр. Бұл мезгіл сонау Соғды жері 
мен Еділ өзенінің жағасына дейін Ұлы Дәшті Қыпшақ даласын жайлаған түркі 
тұқымдас елдердің екіге бөліне бастаған шағы еді. Шаруашылығына қарай, 
Мауреннахр деп аталатын Жейхұн 
1
мен Сейхұн 
2
дарияларының ортасында 
тұратын түркі руларының көбі Күншығыс — Оңтүстігіндегі, түбі көшпелі 
1
Ж е й х ұ н — Амудария. 
2
С е й х ұ н — Сырдария. 


12 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет