Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет259/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   316
Әдеби KZ
 
 
батыры Жаубасар, Жалайыр батыры Бөрібай бастаған қалың қол Сығанаққа 
шабуыл салсын делінді. Өзінің ежелгі салты бойынша Арғын, Қыпшақ, Тарақты 
жасақтары Жәнібек ханның — хан Ордасының қасында қалды. Бұған Жайықтың 
бергі беті, Атырау теңізі мен Сырдың төмегі саласын жайлаған Кіші жүзден келген 
Адай руынан Теген батыр, Табын руынан Серке би, Шөмекей руынан Ақтаңдақ 
батыр, Тама руынан Қарабура батырлар басқарып келген жасақтар мен Ұлы 
жүзден Қаңлы, Ысты руынан Бахтияр би, Шапырашты руынан Қарасай батыр, 
Жаныс руынан Жанатай батыр басқарған шағын қолдар келіп қосылсын делінді. 
Хан Ордасынан осы әскерлер жиналып жатқан Саумалкөл, Телікөл, Жуанарық, 
Көкше теңіз Атырау жағасына ат шаптырылды. Бар қол Күзтоқсанның басында 
Сейхун дарияның төменгі шеніндегі Қараөзек қойнауында шоғырланбақ болды. 
Бұнымен қатар бұл шаһарлардың хакім, бектеріне жасырын кісілер жіберілді. 
«Біздің күшіміз қазір Әбілқайыр ханның күшінен артық, қазақ еліне ежелден 
жататын шаһарларымызды қан төгіспей өзімізге қайтарыңдар. Егерде бұл 
тілегімізді орындамасаңдар өз обалдарың өздеріңе» деп хат жазды. Бірақ бұған 
Әбілқайыр хан «арзани дашті» ретінде басыбайлы Созақты берген өзінің немересі 
Қызыр ханнан туған Бахтияр сұлтан да, Сығанақ хакиматының белағасы Манеден 
оғлан да кекете: «Әбілқайыр ханнан күшті болса, ең алдымен сайыпқыран ханды 
жеңіп алсын. Содан кейін қалаларымызды қан төкпей бостан-босқа береміз» деп 
жауап берді. Жәнібек пен Бұрындық Ордаларын Телікөл мен Боқтықарынның 
бойына тастап, желтоқсан түспей-ақ Қараөзекке келді. 
Осы араға көп кешікпей жүз мыңға таяу қазақ сыпайлары жиналды. Ортада 
азғантай қолмен Жәнібектің өзі, ал Маймене жағын Бұрындық сұлтан, Майсары 
жағын Жәнібектің үлкен балалары Жиренше мен Махмұд басқарып (Қамбар мен 
Қасым екінші шепте болған), жыланның айырма тіліндей екі бұтақ боп, Түркістанға 
қарай аттанған. Осы күнгі Шиелі жеріне келгенде екі бөлінген. Бұрындық 
Сығанаққа, Жиренше мен Махмұд Созаққа беттеген. Жәнібек өзі Арғын, 


279 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет