Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет261/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   316
Әдеби KZ
 
 
лашкер жинап, қалада тығылып жатпай ашық далада жауына қарсы бетпе-бет 
майданға шықты. Бірақ бала жасынан ат құлағында ойнап өскен, ал ер жете 
бастағаннан-ақ сойыл соғып, садақ атуды өнер көрген қазақтың жау жүрек 
жігіттері қойсын ба, құмырысқадай қаптап: «Ақжол!», «Уайс!», «Жауқашар!», 
«Бахтиярлап!» ат қойғанда, алғашқы қарқынында-ақ Бахтияр сұлтанның алдыңғы 
шебін күл-талқан етті. Қазақтан дәл мұндай өнер күтпеген Бахтияр сұлтан әбден 
састы. Халық күші жазғытұрымғы жүздеген, мыңдаған сай, жыралардан қосылып 
аққан сумен тең екенін, олар бір жерге жиналып, ернеуінен асып тасыса, алдында 
қандай қамал, бөгет болса да быт-шытын шығаратын алып күш екенін Бахтияр 
сұлтан сонда білді. Расында да қазақ елі көнтерілі, сан қорлыққа шыдаған қауым 
еді. Ашына келіп, ақырында ернеуінен асып төгілген дариядай, атқа мініп, қолына 
сойыл алуға мәжбүр болды. Жалғанда қиянатқа көнтерілі халықтың 
долданғанынан асатын ұлы күш жоқ. Көнтерілі халық жәй күнде, бөлтіріктері 
үстіне шығып ойнап маза бермеген арлан қасқыр тәрізді. Ал ызаланғанда 
ештеңеге қарамайды, бөлтірігім демейді, бөтенім демейді, үстіндегінің бірде-бірін 
қалдырмай, қанды ауызын салып қап, жан-жағына аямай лақтырып-лақтырып 
жібереді. Қазақ та дәл осы арлан қасқыр тәрізді шамасы келгенше шыдап бақты. 
Шыдамы таусылып еді, өлген-тірілгеніне қарамай, желке жүнін күдірейтіп, жауына 
ақыра тап берді. Қазақ жауынгерлерінің мұндай қаһарлы түрін көріп, Бахтияр 
сұлтан «жеңілдім!» деп алдына кеп қол қусырып Жиренше мен Қамбардан бітім 
сұрады. Бұлар қаланың кілтін алып, бітімге келісті. 
Хан ордасын уақытша Сығанаққа көшірген Жәнібек, Созақ уәлиетін екінші 
баласы Махмұдқа, Сығанақ уәлиетінің билігін Керейдің баласы Бұрындық сұл- 
танға берді. 
Сығанақ пен Созақты алып, көңілі көтеріліп қалған қазақ Ордасының ханы 
Жәнібек енді «өз еріктеріңмен беріліңдер» деп Яссы мен Отырар қаласының 
әміршісі Мұхамед-Мазид тарханға, Сауранды билеп отырған оның баласы 


281 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет