Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет277/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ертең нағыз қатерлі күн тууы сөзсіз еді. Осы қауіп іс жүзінде айқындала бастады. 
Бұрындық Сарайшық жағына серуендеп кеткенде, Мұхамед-Шайбани Сығанақты 
басып алды. Мұхамед-Шайбани жаққа шыққан қала ақсақалдары көмегімен, 
осының алдында ғана Яссыға жорық салып, ештеңе өндіре алмай келген 
Жиренше сұлтанға да Саураннан айрылу қаупі туды. Көп кешікпей ол да 
Саураннан айырылды. 
Ақ Орданың — қазақ Ордасының екі бірдей бұрынғы астанасын жоғалтуы 
Жәнібек пен Бұрындыққа, Жәнібектің баласы Махмұд-Қамбар, Қасымдарға Дәшті 
Қыпшақтың күншығысында қандай қауіптің туғанын анық көрсетті. 
Бұл әрекеттердің бәрі де, тоқ етерін айтқанда, күшейіп келе жатқан қазақ елін 
қайтадан басқа ұрып, кейін шегіндіру еді. Түркістан өлкесін кім алса, Дәшті 
Қыпшаққа сол үстемдігін жүргізеді. Осы себептен Түркістан қалаларының
маңайында тағы төрт хандық түйісіп, қырғын басталуға жақын қалды. 
Қазақтар Түркістан өлкесі арқылы өзінің ежелгі жері мен қалаларын қор- 
ғап, хандық дәрежесін жоғалтпағысы келсе, Моғолдар бұл өлкені өздері басып 
қалып, Жетісудан қазақ елін тайдыруды ойлады. Ал Темірдің быт-шыт бола 
бастаған әмірлері Түркістан арқылы өздерінің бұрынғы Ақсақ Темір кезіндегі 
патшалығын сақтап, Дәшті Қыпшақты қарамағында ұстап, сауда-саттығын
өркендетуді арман етсе, Әбілқайыр тұқымдары бұл өлкені қолына алып, бүкіл 
Дәшті Қыпшақты қайтадан басқармақ болды. Осындай қарама-қарсы келген төрт 
ниеттің тағдыры осы Түркістан өлкесіне кеп тірелді. Мұндай жағдайда Жәнібек 
Жайық бойында қала алар ма? Кеше ғана өзі қожа бола бастаған Түркістаннан 
айрылғысы келмеді. Түркістаннан айырылуы қайтадан қазақ хандығын жоғалтуы 
еді. 
Сондықтан 
Жәнібек 
Сарайшықты 
тастап, 
қайтадан 
бұрын- 
ғы қонысына көшуді ойлады. Түркістанды жаулап алу үшін құр ғана әскер емес, ол 
жерді жайлайтын, бауыр басып қалатын ел керек. Сол себептен де ұлы жырау 
Асан Қайғының: 


297 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет