Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет276/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Темірбек ханзадаларға тамаша құрмет көрсетіп, қызмет істей бастаған. Бұл
жағдай Әбілқайыр әулетіне жаны қас жауы, қай жерден қос бөрі шыға қалар екен 
деп құлағын түріп отырған Айбақ ханға, моғол Ахмед хан мен Аббас бекке жеткен. 
Бұлар көп әскермен Хаджитарханға қарай шыққан. Соғысуға күші жеткіліксіз 
Қасым хан Темірбек пен Қарашыңды шақырып алып, екі ханзаданы 
Хаджитарханнан Мауреннахрға қашырған. 
Жолай бұларға Әбілқайыр тағына берілген бірнеше сұлтандар, батырлар 
қосылып, өздерін қоршап алған Айбақ ханның әскерімен соғысады. Осы айқас- 
та Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтан, Қарашың үшеуі ханның інісі мен бір 
баласын өлтіріп қоршаудан шығады. Соңынан қуып жеткен Ахмед ханның 
қолбасшыларының бірі Қоныш-Қыпшақ батыр басқарған мың адаммен айқасып, 
олардан тағы құтылып кетеді. Бұл айқаста әсіресе Мұхамед-Шайбанидің інісі 
Махмуд-Сұлтан, Бахтияр сұлтанның балалары әлік пен Хамзе, Әбілқайырдың 
баласы Сүйіншік аса ерлік көрсетеді. 
Осы адамдармен ол Түркістан уәлиетіне келеді. Бұл мезгілдегі Түркістан 
уәлиетінің әміршісі Ұлықбектен туған Мираншох-мырзаның немересі, Сұлтан 
Ахмед, Яссы қаласының хакімі моғол Мұхамед-Мазит-тархан, Отырардың хакімі 
оның баласы Құлмұхамет-тархан, Ташкент уәлиетінің әміршісі Сұлтан Махмуд-
тархан көптен көп Көк Ордаға мейлінше дос-жар адамдар. Бәрінде де қазақ 
хандары жеңіп, билігімізден айырылып қаламыз ба деп зәре жоқ. Бұларға хакімі 
әмір әбдуәли-тархан, қосшы әміршісі Ақсофы батыр қосылып, Мұхамед-Шайбани 
мен Махмуд-Сұлтанды ту қылып көтеріп, құрып кеткен Көк Орданың шаңырағын 
қайта көтеруді ойлаған. Бұлар Мұхамед-Шайбаниды Дәшті Қыпшаққа хан етіп 
көтеріп, өздерінің қастары қазақ пен Жағатай хандарына қарсы күш етіп 
пайдаланбақ болды. Осындай саясаттың арқасында осыдан екі-үш жыл бұрын 
қашқын боп жүрген ханзадалар Дәшті Қыпшаққа қауіпті күшке айналды. Оның 
үстінде Мұхамед-Шайбанидың өзінің жеке басының қасиетін, ер жүректігін, 
ақылдылығын, оқығандығын қоссақ, шынында да, Дәшті Қыпшаққа бүгін болмаса 


296 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет