Әдеби KZ пен Иранға ауыз сала бастаған, айбындарымен талай елді тітіреткен Әбілқайыр
бөлтіріктерінің көптен бергі елеулі жеңілісі еді. Ал Дәшті Қыпшақ халқының рухын
көтеріп тастады. Енді қазақ рулары Қасым төңірегіне жинала бастады. Дәл осы
кезде Сарайшықтан Бұрындық хан бар балаларының аулымен көшіп келді. Құр
ғана көшіп келген жоқ, өзімен бірге бір тайпа елге бақытсыздық ала келеді. Өткен
қыс өте қатты болған. Әсіресе Тянь-Шань тауының теріскей жағында отырған
көптеген қырғыз, қазақ ұлыстары жұттан бар малын қырып алған. Қатты
күйзеліске ұшыраған. Сол себепті Дулат руының біраз ауылы өзінің жылдағы әдеті
бойынша Шудың Жуанарықтан жоғарғы жағына жайлауға шыға алмай, Жаңғы
қаласына таяу жердегі Талас өзенінің жағасындағы көкорай шалғынды
жайылымға жылжып көше салған. Елдің ат жалын тартып мінер бар жігіті Қасым
мен Қамбар батырға еріп, Ұлытау мен Созақты жаудан арашалауға кеткен. Міне,
осы кезде тыныш жатқан Дулат аулына кенет жау тиді. Ел жаңа түнгі асын ішіп
жатқан кез еді. «Бұрындық!», «Бұрындық!», «Керей!», «Керей!» деп салған
ұраннан, шапқан ат, айқайлаған дауыстан ауыл үсті азан-қазан болды да қалды.
Кәп мынадан шықты. Дулат руының осы қонған Талас өзенінің көгал шөпті,
қамысты жағасы, Бұрындық ханның қыс ерте шыққан жылғы Дәшті Қыпшақ
даласына көшкенше тұрақтайтын көктемгі жайылымы екен. Бұрындық Сарайшық
жағында көшіп жүріп бұл жайылымға көптен бері соқпай қойған. Бұл ара биыл бос
жатқан соң, қыстан күйзеліп шыққан Дулат ауылдары хан келе қоймас деген
үмітпен осы жерге қонған. Бірақ Жайық жағасы да биыл қысы қарсыз, көктемі
жаңбырсыздау боп Бұрындық бері қарай көшкен. Талас өзеніне таянған кезде көп
жылдан бері көктемде қоныс ететін Дулат ауылдары отырғанын білген. Соңғы
кезде ел қонбай, даласы да жайылымының оты басылмай тұрған шығар деп келе
жат-
қан Бұрындық жерінің бос емес екенін естігенде, ашудан ат үстінде отыра
алмаған. Соңғы жылдары қазақ рулары Қасым сұлтанға ауып кеткен. Сыныққа
сылтау, соған іштей әбден ызаланып жүрген Бұрындық «бұл қай қорлаулары!» деп